Как автоматизировать спортивный менеджмент

Вы сейчас просматриваете Как автоматизировать спортивный менеджмент

27 июня в университете AlmaU в Алматы DAR TEAM провела открытую гостевую лекцию для студентов на тему «Спортивный менеджмент в Казахстане и мире». На лекции выступили директор команды DAR TEAM Бауржан Уталиев и главный тренер DAR PRO TEAM Эдуард Базров. Секретами успешного развития и управления бизнесом в сфере смешанных единоборств (MMA) с аудиторией поделились бойцы UFC Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, а о современных тенденциях в спортивном менеджменте как в Казахстане, так и на международной арене также рассказали Фаниль Рафиков, Казбек Сагын, проспекты Гамлет Асланов, Елжан Алиаскар, Тимур Серикулы.

Университет AlmaU предлагает передовые образовательные программы в области спортивного менеджмента, направленные на подготовку высококвалифицированных специалистов, способных эффективно управлять спортивными организациями и проектами. Программы AlmaU сочетают теоретическое обучение с практическим опытом, обеспечивая студентов необходимыми знаниями и навыками для успешной карьеры в спортивной индустрии. Одной из особенностей программ является партнерство и взаимодействие.

«Университет активно сотрудничает с ведущими спортивными организациями и профессионалами. Гостевые лекции, мастер-классы и семинары с участием топ-менеджеров и тренеров, таких как представители DAR TEAM, позволяют студентам получать знания из первых рук и устанавливать полезные контакты», — отметили организаторы встречи.

Директор Центра спортивного менеджмента Нурлыбек Сыздыков считает: «Лекция полезна не только для студентов, спортивных менеджеров, тренеров, спортсменов, но и для всех интересующихся развитием бизнеса — стремящихся вывести свои спортивные и благотворительные проекты на международный уровень. Рад, что участники смогли также узнать о новой казахстанской платформе по управлению бизнесом Darlean, обменяться кейсами и мнениями, спросить о перспективах и вызовах в сфере спортивного менеджмента, планах ближайших технологических релизов в группе компаний DAR. Мы благодарим всех участников за плодотворное и интересное взаимодействие и надеемся на дальнейшие встречи».

Опыт DAR TEAM и Darlean может помочь вывести всю спортивную индустрию на новый уровень посредством предоставления качественного образования и доступного технологического оснащения спортивных команд по аналогии с тем, как ранее DAR презентовала проект darlean.kz, делающий технологии крупных компаний доступными для представителей МСБ и руководителей любого уровня в Казахстане.

«Мы хотим делиться успешными кейсами и опытом управления спортивными начинаниями, достойными представлять страну на международном уровне. Наши принципы и инструменты автоматизации должны быть доступны каждому, ведь это позволит улучшить ситуацию в спорте по всей стране. Мы рады, что AlmaU предоставил нам и другим спикерам замечательную площадку для повышения образования молодежи в области управления проектами и цифровизации», — говорит Бауржан Уталиев, директор команды DAR TEAM.

Сегодня как перед спортсменами, так и перед менеджерами стоят новые вызовы – становление индустрии большого спорта необходимо отлаживать системно, как любой бизнес. А это подразумевает огромный пласт работы, включающей и сложный документооборот, и организацию множества бизнес-процессов. Без их автоматизации по-настоящему эффективная и плодотворная работа невозможна. К счастью, уже существуют отечественные разработки, способные значительно упростить эту задачу, а также успешные кейсы по их применению.

«За каждым успешным делом или бизнесом стоит кропотливый труд, включающий не только организацию работы сотрудников, но и оптимизацию рутинных процессов, отнимающих значительное время. Мы предлагаем отказаться от бумажной рутины, переведя всю работу в Darlean. С нашей платформой вы сможете сосредоточиться на важном и достичь новых высот», – отметил Руслан Каранкевич, Darlean Customer Success Executive.

Эдуард Базров, главный тренер топовых ММА спортсменов Казахстана в DAR TEAM считает, что важно начинать идти к своим спортивным целям как можно раньше и развиваться разносторонне. «Не все бойцы DAR TEAM в итоге становятся звёздами спорта, кто-то остаётся управлять командой, или делать для неё качественный контент, зная все нюансы, к примеру, развития бизнеса-ММА изнутри, и это замечательно, что люди растут в разных отраслях, оставаясь экспертами в поле своих интересов, развития и творчества. Мы с удовольствием поддерживаем и инициативы партнеров из высших учебных заведений, например, с радостью приняли приглашение посетить с гостевым визитом факультет спортивного менеджмента AlmaU», — поделился тренер.

Благодаря основателю группы компаний DAR Алидару Утемуратову, в рамках благотворительной деятельности команды DAR TEAM, у более, чем 3 500 детей из социально-уязвимых семей в порядка 10 регионах Казахстана есть возможность бесплатно заниматься всесторонним развитием, где помимо спортивных навыков и умений с детьми работают профессиональные преподаватели по направлениям: логика, критическое мышление, иностранные языки, скорочтение и др.

О DAR Team

Группа технологичных компаний DAR во главе с бизнесменом Алидаром Утемуратовым основала DAR TEAM в 2014 году. В 2020 году была создана профессиональная бойцовская команда DAR PRO TEAM — площадка для профессионального роста и подготовки казахстанских бойцов к мировой арене.

В 2024 году в DAR PRO TEAM профессионально занимаются 20 бойцов. Среди них есть топовые чемпионы: Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Фаниль Рафиков, Казбек Сагын, проспекты Гамлет Асланов, Елжан Алиаскар, Тимур Серикулы.

Darlean — это all-in-one управленческое решение, разработанное казахстанской группой технологических компаний DAR для удобства работы МСБ. Узнать больше можно на сайте darlean.kz

DAR TEAM топ-менеджерлері AlmaU-ға барып, спорт пен бизнесте менеджментті автоматтандыру жолдарын бөлісті  

27 маусым күні Алматыдағы AlmaU университетінде DAR TEAM студенттерге «Қазақстандағы және әлемдегі спорт менеджменті» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Іс-шарада DAR TEAM командасының директоры Бауыржан Өтәлиев пен DAR PRO TEAM бас бапкері Эдуард Базров қатысты. Аудиторияға аралас жекпе-жек (MMA) әлемінде бизнес басқару және жетістікке жету жолдары туралы Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаев әңгімелесе, қазақстандық және әлемдік спорт менеджменттегі заманауи тенденциялар тақырыбын Фаниль Рафиков, Қазбек Сағын, Гамлет Асланов, Елжан Әлиасқар, Тимур Серікұлы сынды жауынгерлер қозғады.

AlmaU университеті спорттық ұйымдар мен жобаларды жемісті басқара алатындай білікті мамандарды шығару үшін спорт менеджменті саласында алдыңғы қатарлы оқу бағдарламаларын ұсынады. Мұндағы бағдарламалар теория мен тәжірибені ұштастыра отырып жасалады. Осылайша студенттерге спорт индустриясында толағай табысқа жетуге жол ашатын білім мен машық беріледі. Бағдарламалардың тағы бір ерекшелігі – серіктестік пен бірлесе жұмыс істелуінде.  

«Университет жетекші спорттық ұйымдармен және кәсіби мамандармен тығыз жұмыс істейді. Шеберлік сағаттары, кездесулер, бүгінгі DAR Team өкілдері қатысып отырған топ-менеджерлермен бірге өтетін семинарлар студенттерге өте пайдалы. Кәсібилердің өз аузынан естіп қана қоймай, байланыс орнатуға да мүмкіндік береді», — дейді кездесу ұйымдастырушылары.

Спорт менеджменті орталығының директоры Нұрылбек Сыздықов былай дейді:«Дәріс студент, спорт менеджерлері, тренерлер мен спортшыларға ғана емес, жалпы бизнесті дамыту жайлы, спорттық және қайырымдылық жобаларын әлемдік деңгейге шығаруды ойлап жүргендерге аса пайдалы. Қатысушылардың бизнесті басқаруға көмектесетін Darlean деген қазақстандық жаңа платформа туралы білгені де жақсы болды. Сонымен бірге кейстер мен пікірлерді ортаға салып, спорт менеджменті саласының болашағы мен челлендждерге қатысты сауалдарын қоя алды. DAR компаниялар тобының алдағы уақытқа жоспарланған технологиялық релиздері жайлы да білдік. Қатысқандарға осынау қызық серіктестік үшін алғыс білдіреміз. Әрі алда осындай кездесу көп болады деп сенеміз».

DAR Team мен Darlean тәжірибесі спорт индустриясын сапалы білім мен техникалық жабдықтау арқылы жаңа деңгейге шығаруға көмектеседі. Өткенде DAR алпауыт компаниялардың технологияларын ШОБ пен Қазақстандағы кез келген деңгейдегі жетекшілерге қолдануға мүмкіндік беретін darlean.kz жобасын таныстырған еді. 

«Елімізді халықаралық деңгейде зор мақтанышпен көрсетуге мүмкіндік беретін табысты кейстер мен тәжірибелерді бөліскіміз келеді. Біздің қағидалар мен автоматтандыратын құралдарымызды барлығы бірдей қолдана алса дейміз. Осылайша еліміздегі спорттық ахуалды жақсарта аламыз. AlmaU бізге және басқа да спикерлерге жобаларды басқару және цифрландыру саласына қатысты жастардың білім көкжиегін кеңейтетін алаң ұсынғанына дән ризамыз», — дейді DAR TEAM командасының директоры Бауыржан Өтәлиев.

DAR TEAM–дегі ең мықты ММА жауынгерлерін жаттықтырып жүрген бас бапкер Эдуард Базаровтың айтуынша, спорттағы мақсаттарға жетуді неғұрлым ерте жастан бастап, жан-жақты дамуға ұмтылу керек. «DAR Team-нің барлық спортшысы жұлдыз болып шықпайды. Біреуі команданы басқаруға кетеді, енді бірі барлық ньюансты білгендіктен сапалы контент істейді. Бұл адамдардың түрлі салада дамуына мүмкіндік береді. Әрі өзіне қызық саланың сарапшысына айналып, дамып, шығармашылығын шыңдайды. Жоғары оқу орындарындағы серіктестеріміздің бастамаларын қуана қолдаймыз. Мысалы AlmaU-дің спорт менеджменті факультетінің шақыруын қабыл алып, зор қуанышпен қонақ болып келіп отырмыз   », — дейді бапкер.

DAR компаниялар тобының негізін қалаушы Әлидар Өтемұратовтың арқасында DAR TEAM командасының қайырымдылық мақсатындағы іс-шаралары шеңберінде Қазақстанның онға тарта аймағындағы әлеуметтік-осал отбасының 3 500-ден астам бала қазіргі таңда өзін жан-жақты дамытуға тегін мүмкіндік алды. Олар спорттық машықты дамытып қана қоймай, кәсіби мамандардан логика, сыни ойлау, шет тілдері, жылдам оқу және т.б бағыттарда да білім алып жатыр.

DAR Team жайлы

DAR технологиялық компаниялар тобы бизнесмен Әлидар Өтемұратовтың басшылығымен 2014 жылы DAR TEAM компаниясының негізін қалаған еді. 2020 жылы кәсіби өсуге және қазақстандық жауынгерлерді әлемдік ареналарға дайындауға бағытталған DAR PRO TEAM жауынгерлер командасы құрылды. 

Қазір DAR PRO TEAM командасында кәсіби түрде 20 жауынгер жаттығады. Оның ішінде Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Фаниль Рафиков, Қазбек Сағын, Гамлет Асланов, Елжан Әлиасқар, Тимур Серікұлы сияқты топ чемпиондар бар. 

Darlean — бизнесті басқаруға көмектесетін all-in-one шешім. Жобаны қазақстандық DAR технологиялық компаниялар тобы ШОБ жұмысын жеңілдету үшін жасап шығарды. Толығырақ ақпаратты darlean.kz сайтынан біле аласыз.

Следите за свежими материалами, подписывайтесь здесь: TelegramInstagramFacebook