• Рабига Абдикеримова

    Журналист

  • 13 ноября 2014

Кәсіпкерлер күткен жоба...

 

«Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет» деді апта басындағы Жолдауында Мемлекет басшысы. Өз кезегінде отандық бизнес өкілдері кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелерін қамтыған  заң жобасы үстіміздегі жылдың соңына дейін қабылданады деген үмітте.

Ксения Бабушкина, EY компаниясында серіктес, кеңестік қызмет практикасының жетекшісі:

Кәсіпкерлік ортаны жетілдіру аясында бірқатар өзекті мәселелер қамтылуы тиіс. Оның ішінде салық салу және реттеу шаралары, бәсекелестік қабілетті қалыптастырып-нығайту, кәсіпкерлерге мейлінше үйлескен негізде қолдау көрсету дегендей. Сол сияқты, кәсіпкерлер қаржыландыру мүмкіндіктеріне қол жеткізе алатындай жағдай қалыптасса. Қандай да бір мәселеге кешенді тұрғыдан келсеңіз, ол сонда ғана айтулы нәтиже береді. Біздің ойымызша, нақты қадамдардың ішінде тәуекелдерді бағалауға негізделген тексерістер (risk based inspections) енгізуді ескерген жөн. Бұл реттеу шараларын жеңілдетуге жол ашады. Бірақ бұл арада кәсіпорындарды бақылау және қадағалау шараларын белгілі бір стандарттарға келтірумен қатар, осы бақылау және қадағалау органдарының жұмысын да ашық та айқын етіп бір жүйеге келтіру керек. Соның ішінде оларға арналған тәуекелдерді басқарудың тиісті KRI жүйесі де (тәуекелдер бойынша негізгі көрсеткіштер) әзірленсе дұрыс болар еді...

Екатерина Ким, «Корпорация «Зумрад» ЖШС консалтингтік компаниясының президенті:

Мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған тетіктерді әзірлеуге мемлекет өзі мүдделі болып отырғаны қуантады. Бұл тұрғыдағы бірқатар жаңа ұсыныстар, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін мейлінше тиімді болмақ. Негізі, осы жеңілдету шаралары мемлекеттің электронды бағдарламалары арқасында мүмкін болып отыр. Енді кәсіпкер қауым өз уақытын үнемдеуге, ал мемлекет – жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге қол жеткізеді деген үміттеміз. Еске сала кетсем, 2009 жылдан бері Қазақстанда тәуекелдерді басқару жүйесі қолданыста. Бұл жүйе мемлекеттің салық салу саласындағы белгілі бір тәуекелдер өлшеміне сай келетін компанияларды таңдап тексеруге мүмкіндік береді. Қазір елімізде GAAR жүйесін енгізу мәселесі қарастырылуда. Бұл – заңға қайшы келмейтін, бірақ тәуекелі жоқ емес келісімдерді бақылау жүйесі. Айталық, бұл тұрғыдағы келісімдер салықты жасыруға жағдай жасауы мүмкін. Дегенмен, меніңше, Қазақстанда  мұндай жүйе енгізуге әлі ерте. Ол біздің менталитетке сай емес. Мысалға, аффилирленген тұлғалармен арадағы келісімдер тәуекел деп танылған жағдайда. Ал Қазақстанда отбасылық бизнес жақсы дамыған. Сондықтан да, егер біз қазір бұл жүйені енгізсек, онда бұл тұрғыдағы келісімдер тәуекелдер қатарына жатқызылады да шағын және орта бизнес кезекті соққыға ұшырайды. Не десек те, меніңше, жоба аясында талқыланып жатқан жаңа ұсыныстар, өзгерістер мен толықтырулар біздің еліміздегі шынайы жағдайға жақындатылып, сынақтан өткізіліп жатса дұрыс болар еді. Еуропадағы не өзге бір елдегі үздік үлгі Қазақстан бизнесіне шақ келеді дегенге өз басым аса сенбеймін.

Айтуар Қошмамбетов, Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары:

Кәсіпкерлік қызметті жақсартуға бағытталған заң жобасы Мәжіліс депутаттарының назарына таныс етілді. Заң жобасы – "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады. Негізі, Мемлекет басшысы бізге бұл құжатты жыл соңына дейін Мәжілістен өткізу жөнінде тапсырма берген-ді. Бірақ депутаттар тарапынан бірқатар сұрақтар туындап, олар жобаны әлі де талқылап жатыр. Әйтсе де, заң 2014 жылдың соңына дейін қабылданады деген үміттеміз. Әрине, бір ғана жоба аясында отандық кәсіпкерлікке қатысты барлық мәселені түгел қамту мүмкін емес әрі уақыт тығыздығы да болды. Бірақ бұл тұрғыдағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады, қалай дегенмен, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасына жүктелген міндеттің бірі де осы негізде. Үкімет қарауына ұсынылған біздің пікір-ойларымыздың 60%-ы қазір қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерде көрініс табуда. Жалпы, Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік саласына қатысты туындап жататын әкімшілік кедергілерді белгілеп, оларды үнемі назарда ұстайды және де бұл шаруа республика бойынша түгел қамтылған. Біздің ресми сайтымызда кәсіпкерлер ортаға салатын барлық өзекті, түйінді мәселелер тіркеліп, есепке алынған. Біз, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында тұрақты негізде әр түрлі сауалнама жүргізіп, кездесулер ұйымдастырып отырамыз. Айтқандай-ақ, заң жобасында ескерілген жаңа шаралар 100% кәсіпкерлердің өз ұсыныстары. Бизнес-қауымдастықтың пікір-ойы мен ұсыныстары заңнамада осылай дереу көрініс тауып отырғаны да бірінші рет болса керек...

Рабиға Әбдікерім, Дәрия Кемер

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Келешекке нық қадаммен

    Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді.

  • Кадеттер теңiзге шығуға дайын

    «Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын...».

  • Болашақ бүгiннен басталады...

    Бүгінде мектептердегі кәсіби машықтандыру барысы педагогикалық үрдістің бір бөлігі болудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған.

  • Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

    2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

  • Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

    «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда.

  • «Тәуелсіздікті жырлаймын!»

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен WikiBilim қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда.

  • Болашаққа нық сенiммен!

    Соңғы кездері жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр...

  • Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

    Ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..