• Рабига Абдикеримова

    Журналист

  • 13 ноября 2014

Кәсiпкерлiкке қатысты тоғыз ұсыныс

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"  заң жобасы Мәжіліс депутаттарының қарауына ұсынылды. ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы өкілдері мен арнайы сарапшылар тобы бірлесе әзірлеген бұл жобада отандық бизнеске қатысты бірқатар жаңа ұсыныстар ескерілген. Isker.kz солардың кейбіреуіне тоқталғанды жөн көрді.

1 ұсыныс:
Халыққа қызмет көрсету орталықтарын мысалға ала отырып, кәсіпкерлер үшін «бір терезе» қағидасын енгізу.

Сарапшылардың пайымынша, бұл мүмкіндік кәсіпкерлердің уақытын үнемдеуі тиіс, айталық, қаптаған құжаттар мен анықтама қағаздарын жинау барысында. «Бір терезе» аясындағы операциялардың ішінде, мысалға, құрылыс жүргізуге қажет жобалық-сметалық құжаттардың салалық сараптамасын алу мүмкіндігі де ескерілген. Яғни, кәсіпкер барлық мәселелер бойынша «бір терезе» қызметіне жүгінеді, ал қажет құжаттарды мемлекеттік органдар өздері жинап алады деген тұрғыда.

2 ұсыныс:
Кәсіпорынды тіркеу және тарату мерзімін 1 сағатқа дейін қысқарту мүмкіндігі.

Сарапшылар алға тартқан ұсыныстардың ішінде кәсіпорынды аудиторлық тексеріс негізінде тарату шарасын жүзеге асыру мәселесі де айтылуда. Былайша айтқанда, өз кәсіпорнын таратуды мақсат еткен кәсіпкерге айлап (тіпті, жылдап) әр түрлі кабинет жағалаудың қажеті жоқ деген сөз. Бар болғаны, кәсіпкер дер кезінде аудиторлық тексеріске тапсырыс беріп, оны салық комитетінде бекітуі тиіс. Басшыларды банкроттық шараларын тиімді етіп жүргізуге ынталандыру мақатында оларға арнап белгіленгенген  төлем түрін енгізу мәселесі де қарастырылуда.

3 ұсыныс:
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінен міндетті түрде мөрдің болуын және құжаттардың нотариус куәландырған көшірмесін талап етуді алып тастау.

4 ұсыныс:
Коммерциялық мақсатта қолданылмайтын, пайдалану мерзімі 7 жылға дейінгі жеке автокөлікті техникалық тексеруден өткізуді және көлік құралын басқаруға сенімхат талап етуді алып тастау.

5 ұсыныс:
Қоластындағы қызметкерді міндетті сақтандыру келісімін жасау мерзімін ұлғайту.

Яғни, заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап 10 жұмыс күнінен 30 жұмыс күніне дейінгі аралықта.

6 ұсыныс:
Тексеріс түрлерін қысқарту және тексеру қажеттілігі өлшемдерін өзгерту.

Кәсіпкерлердің басым бөлігіне қатысты жоспарлық тексерулерді қысқартып, бақылау шаралары кәсіпкерлік саласындағы мейлінше қауіпті деп танылған топтарға қатысты  ғана күшейтілуі тиіс. Бұл топқа: атом энергетикасымен, қару-жарақ айналымымен, есірткі құралдарымен, у түрлерімен, өнеркәсіптік, өрт және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын кәсіпкерлік түрлерін жатқызуға болады. Былайша айтқанда, тексерістер тек таңдалған негізде ғана жүргізіліп, қарапайым кәсіпкерлерді мазаламауы тиіс. Тексеру жүргізу міндетті саналатын жекелеген салаларда (санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт қауіпсіздігі, салықтық реттеу) балама тексеріс ретінде камеральдық бақылау, аудит немесе сақтандыру енгізу ұсынылуда.

7 ұсыныс:
Кедендік шараларды мейлінше жеңілдету мүмкіндігі.

Кедендік бақылау тауар қабылдағаннан соң жүргізілетін болады, дейді сарапшылар. Бұл, әсіресе, импортпен айналысатын кәсіпкерлер үшін тиімді болуы тиіс. Өйткені тауар атаулы уақытша сақтау қоймаларында босқа тұрмайды деген сөз.

8 ұсыныс:
Жер телімдерін мақсатты пайдалануды жіктеудің барлық түрін алып тастау.

Заң жобасы өз күшіне енген жағдайда жер телімдерінің үш түрі ғана қалады: тұрғын үй салу мақсатындағы, әлеуметтік және коммерциялық мақсаттардағы. Коммерциялық негіздегі жер телімдері өзге жер телімдеріне қатысты тексерулерге ұшырамайды, дейді сарапшылар. Осылайша кәсіпкер өзі айналысып отырған коммерциялық қызмет түрін нарық тенденцияларына сай өзгерту мүмкіндігіне ие болады.

9 ұсыныс:
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау реформасы.

Кәсіпорындар екі топқа бөлінеді: эпидемиологиялық мәні жоғары және эмидемиологиялық мәні төмен деген тұрғыда. Эпидемиологиялық мәні жоғары деп танылған нысандарға қатысты тексерулер ерекше тәртіппен жүргізіледі. Эпидемиологиялық мәні төмен нысандар, егер оларға қатысты арыз түсіп жатса, жоспардан тыс тексеруге ұшырайды.

Рабиға Әбдікерім, Дәрия Кемер

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Келешекке нық қадаммен

    Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді.

  • Кадеттер теңiзге шығуға дайын

    «Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын...».

  • Болашақ бүгiннен басталады...

    Бүгінде мектептердегі кәсіби машықтандыру барысы педагогикалық үрдістің бір бөлігі болудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған.

  • Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

    2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

  • Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

    «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда.

  • «Тәуелсіздікті жырлаймын!»

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен WikiBilim қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда.

  • Болашаққа нық сенiммен!

    Соңғы кездері жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр...

  • Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

    Ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..