• Рабига Абдикеримова

    Журналист

  • 30 сентября 2014

Бәсекелестік қабiлет жетпей жатыр...

 

Жаһандық қаржы орталықтары индексіне (The Global Financial Centres Index 15 – GFCI) сәйкес, 2014 жылы Алматы қаласы – халықаралық  деңгейдегі 83 орталықтың ішінде 58-ші орынға, ал Азия елдері бойынша 13-ші орынға орнықты. Сөйтіп, Алматы өңірлік қаржы орталығы Мәскеу, Манила, Варшава сынды қаржы орталықтарын артқа тастады.

Әрине, Алматы өңірлік қаржы орталығы (АӨҚО) әу бастан дәл осы 58 орынды місе тұтты деп ойламаймыз. Бұдан да жоғары көрсеткіштерге ұмтылуға мүмкіндіктер жоқ емес. Бүгінде еліміз бұл орталықтың қызметін одан әрі жандандырып, бәсекелестік қабілетін арттыру бағытында біраз шара қолдануды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында Алматы өңірлік қаржылық орталығына ерекше мән берілген. Жоспар бойынша АӨҚО Азияның алдыңғы қатарлы қаржы орталықтары ондығына кіруі тиіс. Бұл тұрғыда ел үкіметі Алматы қаржы орталығын дамытудың 2020 жылға дейінгі жаңа жоспарын әзірлеу қажеттігін де ескеріп отыр.

ҚР Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасында көрсетілгендей, АӨҚО бүгінде бәсекелестік тұрғыда әлемдік деңгейдегі әріптестерімен әлі де иық тіресе алмай келеді. Яғни, бүгінде отандық қор нарығының бәсекелестік қабілеті біршама төмен. Нарық ішінде сапалы қаржы құралдары жетіспейді, ал инвесторлар құнды қағаздар нарығы арқылы инвестиция тартуға құлықты емес.

Сол сияқты, нарық ішіндегі жағдай да айтарлықтай қолайлы деуге келмейді. Мамандардың айтуынша, бұл тұрғыда нәтижесі көзге көрінетін елеулі реттеу жүйесі керек, заң жүйесі икемділік танытып, құқық және сот жүйелері тиімді жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, шет елдердің ойыншыларын қызықтырып, отандық нарыққа тартуға бағытталған ынталандыру шаралары қажет.

Сонымен қатар, қаржы жүйесіндегі субъектілер экономикалық ресурстарды дұрыс пайдаланып, қолдана алатындай институционалдық және экономикалық жағдайлардың кешенді шаралары керек.

«Алматы өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамы (АӨҚО АҚ) – 2007 жылдың 29-қаңтарында құрылған. АӨҚО құрудағы негізгі мақсат – отандық қаржы секторының халықаралық нарықтарға ойдағыдай кірігуін қамтамасыз етіп, ел ішінде халықаралық стандарттарға сай құнды қағаздар нарығын қалыптастырып, дамыту, ел экономикасына инвестициялар тарту,  жеке тұлғаларды инвестор ретінде құнды қағаздар нарығына баулу және т.б.

Сарапшылар пiкiрi

Анвар Байкенов, «Асыл Инвест» инвестициялық компаниясының сараптама департаментінің директоры:

- Біздіңше, Алматы өңірлік қаржы орталығын Азияның алдыңғы қатарлы қаржы орталықтары ондығына енгізу міндетін жүзеге асыру мүмкіндігі бар, бірақ бұл тіпті де оңай шаруа емес. Бұл үшін әуелі еліміздің инвестициялық ахуалын жақсарту тұрғысында біраз еңбектенуге тура келеді. АӨҚО жұмсының бастапқы кезеңі көрсетіп бергендей, бұл жобаға, ең алдымен, сауатты қатынас керек. Яғни, біз Дубай, Сингапур, Гонконг сынды іргелі қаржы орталықтарында жұмыс істеген жоғары деңгейдегі халықаралық мамандарды қатыстыру мүмкіндігін ескеру керекпіз.

Алматы – Орталық Азия бойынша, мүмкін, тіпті Шығыс Еуропа бойынша қаржы ағындарының орталығы бола алады. Оңтүстік астана аясында еркін экономикалық аймақ құру мүмкіндігі де жетіп асады, әлбетте, бизнес және инвестор үшін қажет барлық жағдайды жасай отырып. Бүгінгі таңдағы басты міндеттің бірі – банк секторының мәселелерін шешіп, оларды халықаралық стандарттарға сай ету. Оның ішінде банк өнімдері бойынша да. Әрине, отандық қор нарығын дамыту мәселесі де өте өзекті. Соңғы жылдары бұл нарық тоқырауға ұшыраған, бірақ қазір ішкі қорландыру көздерін арттыру әлеуеті бізде молынан жеткілікті. Бұл үшін азаматтарға жаңа инвестициялық нысандар ұсынып, оларға нақты және түсінікті ақпарат беруді ескеру керек.

Нұрғали Нұрмұхамбетов, BCC Invest инвестициялық компаниясының бөлшек сауда департаментінің директоры:

- Қаржы орталығы дегеніміз тек қор нарығындағы қаржы құралдарының жұмысын ғана емес, жалпы клиентке кешенді түрде ұсынылатын банктік, сақтандыру сынды салалардың өнімін де қамтитын ауқымды ұғым. Алматы өңірлік қаржы орталығын дамытудың жаңа тұжырымдамасы Лондон қаржы орталығын негізге алған және оның басты өнімі исламдық қаржыландыру. Негізі, Алматыда толыққанды өңірлік қаржы орталығын құруға кедергі келтіретін бірқатар белгілі мәселе бар. Айталық, көршілес мемлекеттердің өз өңірлік, аймақтық қаржы орталықтары құрылған және де исламдық қаржыландыру орталықтары Дубай мен Куала-Лумпурда тиімді жұмыс істеп жатыр. Бұл орталықтардың тарихы көпке танымал, тәжірибелері де мол, қаржылық мүмкіндіктері де бізбен салыстырғанда айтарлықтай басым. Ал Қазақстанның қаржы нарығының даму әлеуеті соңғы жылдары біршама төмендеп кетті. Реттеуші органның талаптары күшейіп, отандық банктер мен сақтандырушы компаниялардың белсенділігі бәсеңсіп қалды. Сол сияқты, жеке зейнетақы қорлары түріндегі институционалдық инвесторлар желісі де жойылды. Ал Бірыңғай зейнетақы қорын біз әзірше институционалды инвестор ретінде қарастыра алмаймыз.

Әйтсе де, «Халықтық IPO» бағдарламасы бөлшек сауда инвесторын қалыптастыруға түрткі болып, жергілікті қор нарығын дамытуға екпін береді деген де үміт жоқ емес. Бірақ әлемдік деңгейдегі бәсекелестік аясында инвестордың ақшасы үшін бұл азшылық ететін шара.

Рабиға Әбдікерім

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Келешекке нық қадаммен

    Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді.

  • Кадеттер теңiзге шығуға дайын

    «Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын...».

  • Болашақ бүгiннен басталады...

    Бүгінде мектептердегі кәсіби машықтандыру барысы педагогикалық үрдістің бір бөлігі болудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған.

  • Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

    2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

  • Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

    «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда.

  • «Тәуелсіздікті жырлаймын!»

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен WikiBilim қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда.

  • Болашаққа нық сенiммен!

    Соңғы кездері жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр...

  • Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

    Ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..