Келешекке нық қадаммен

 

Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді. Компания алдында бүгінгі таңда жаңа міндеттер тұр. Сол міндеттерді жоғары деңгейде жүзеге асырып, жаңа мақсаттарға ұмтылған қоғам ұжымы биылғы кәсіби мерекелерін салтанатты жағдайда атап өтті. 

 

Мәжіліс залында бас қосқан сала мамандарын компания президенті Санжар Елубаев құттықтап, мерекеге табыспен жеткен ұжымның бірқатар қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен марапаттады.

 

- Алдымызда тұрған ең басты міндеттердің бірі - негізгі қызметті коммерциялау, нарықтың жаңа сегменттеріне шығу. Мен осы міндеттер үддесінен «Қазтеміртранс» АҚ ұжымының шыға алатынына сенімдімін. Осындай зор жауапкершілік арқалаған абыройлы қызмет иелері - әріптестерімді, барлық теміржолшылар қауымын бүгінгі төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, баршаңызға мықты денсаулық, өмірде сәттілік және еңбектеріңізге табыстар тілеймін!-деді компания басшысы. 

 

Компания президентінің Құрмет грамотасымен қоғамның 23 теміржолшысы, Алғыс хатпен 20 маманы марапатталды. Олардың көбісі - компанияның еліміздің барлық аймақтарындағы филиалдарында еңбек ететін қарапайым жұмысшылар, мәселен, слесарь, жөндеу жөніндегі жұмысшылары, ауысым диспетчерлері, вагон паркін сақтау жөніндегі жол инспекторлары, тағы да басқа сол сияқты еңбек адамдары. Тағы бір ерекше айта кетерлігі, биылғы кәсіби мерекеде компанияның Вагондар операторы қызметінің дирекциясы филиалының директоры Күмісбек Матжанов Мүсілімұлы «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды. Болат жолда 22 жыл еңбек еткен теміржолшы соның 18 жылында басшылық қызметтерді атқарып келеді. 
   

Мерекелік шара соңы елімізге танымал өнер жұлдыздарының концерті және сала тақырыбына сай ұйымдастырылған викториналық ойындарға ұласты. Теміржолдағы түрлі мамандық иелерін жасырылған суреттер арқылы оңай тауып берген мереке иелеріне ынталандыру сыйлықтары берілді. Ұжым қызметкерлеріне арнап мерекелік дастархан жайылды. 

 

Еліміздегі жүк вагондары паркінің ірі операторы болып табылатын қоғам – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның негізгі еншілес компаниясы саналады. Тасымал көлемі артқан сайын құрылғанына 13 жыл болған компанияның да жұмыс ауқымы жыл санап көбейіп келеді. 2007 жылы «Қазжелдортранс» атауынан бүгінгі атына өзгерген компания өмірінде әр жылда жаңа өзгерістер болып тұрады. Атап айтқанда, IP-телефония құру, мәліметтер таратудың корпоративтік желісін кеңейту, ҚТЖ инвентарлық паркі вагондарын «Қазтеміртранс» АҚ-на ауыстыру, КТТ қызметкерлері пәтерге қол жеткізу үшін әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру сынды қыруар шаруалар атқарылды. 

 

Қазіргі таңда компанияның жеке паркіндегі вагондар саны 60 мыңға жетті. Қоғамда 2,5 мың адам еңбек етеді. Аймақтық желілері еліміздің барлық өңірінде ашылған. Бүгінгі «Қазтеміртранс» - бұл ірі көліктік және логистикалық кәсіпорындар, зауыт-өндірушілер, кен өндіруші компаниялар, шағын және орта кәсіпкерлік сынды ірі әріптестерімен ынтымақтаса қызмет ететін мықты әрі, бәсекеге қабілетті компания. 

 

Райхан Рахметова

 

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Кадеттер теңiзге шығуға дайын

    «Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын...».

  • Болашақ бүгiннен басталады...

    Бүгінде мектептердегі кәсіби машықтандыру барысы педагогикалық үрдістің бір бөлігі болудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған.

  • Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

    2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

  • Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

    «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда.

  • «Тәуелсіздікті жырлаймын!»

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен WikiBilim қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда.

  • Болашаққа нық сенiммен!

    Соңғы кездері жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр...

  • Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

    Ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..

  • Азаматтық қоғамға арналған MBA...

    Ресми статистикаға сенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 27 мың үкіметтік емес ұйым тіркеліпті. Бірақ статистика бұл қатарға, кәсіподақтар мен кәсіби ұйымдардан бөлек, айталық, жекеменшік пәтер иелері кооперативтерін де жатқызады.