Кадеттер теңiзге шығуға дайын

 

2012 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеруді қолдау және дәстүрлі мұнай-газ секторынан тыс ел азаматтарын жұмыспен қамту мақсатында Қазақстан теңіз академиясы құрылған болатын. Жақында Алматыда осы оқу ордасынан алғаш түлеп ұшқан 16 кадетке диплом тапсыру рәсімі өтіп, оған мемлекеттік орган өкілдері мен мұнай-газ саласында жұмыс істейтін компания тараптары қатысты.

Әу бастан Қазақстан теңіз академиясы «Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен, Қазақ-Британ техникалық университетінің серіктес болуымен құрылған еді. Ал Қазақстан теңіз академиясының халықаралық серіктестігіне Нидерландының STC-Group компаниясы шақырылған. Бұл да тектен-тек емес. Аталған компания теңіз білім саласындағы конгломерат саналады. Ал «Шеврон Шиппинг» компаниясы кадеттердің халықаралық деңгейдегі заманауи кемелерде тәжірибеден өтуіне, кәсіби білімдерін жетілдіруіне жағдай жасаған.

ТШО бас директорының міндетін атқарушы Имер Боннер алғашқы түлектерді құттықтай келе: «Сіздердің бойларыңызда мақсатқа деген ұмтылыс зор болуы керек. Қазақстан үкіметі мен серіктестеріміздің қолдауы арқасында сіздер теңіз тасымалы саласында халықаралық тұрғыда мойындалған қазақстандық маман боласыздар» - деп, баса айтты.

 

Кадеттер

 

Бұл білім жобасының маңызын Теңіз академиясының аға оқытушысы Асқар Дүйсенбиев жоғары бағалай келе: «Қазақстан теңіз академиясының ең басты мақсаты – қазақ балаларына жаңа мүмкіндіктер беру, бүкіл әлем елдеріне жұмысқа орналасуына жол ашу. Статистика бойынша, бүгінде 80-нен 90%-ға дейін өнімдерді бір жерден екінші жерге жеткізу теңіз арқылы жүзеге асады. Қазір мұнай бағасы түсіп, аумалы-төкпелі заман болса да, көлік логистикасы, тасымалдау мәселелері еш тоқтаған емес. Теңіз индустриясы біздің балаларымыздың алдында елеулі мүмкіндіктер ашады. Бұл салаға қатысты мамандықтардың бәрі де қашанда жоғары сұранысқа ие», - деп қайырды өз ойын.

Асқар Дүйсенбиевтің айтуынша, Каспий теңізінде көбіне-көп әртүрлі елдерден келген мамандар, атап айтсақ, Ресей, Украина, Голландия, Грекия, Әзірбайжан азаматтары жұмыс істейді. Ал жергілікті тұрғындар теңіз саласына қатысты мамандықтарды игермеген соң, нарықтағы сұраныстан тыс қалып жатады. Бұл мәселенің өзектілігін баса айтқан Теңіз академиясының аға оқытушысы: «Мемлекет басшысы шетелдік компаниялардың алдына талап қойды, оған сәйкес, шетелдік тарап ең алдымен жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартуы тиіс. Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын. Сондықтан біз осы бағытта қажетті мамандар дайындауға атсалысамыз» - дейді.

 

Кадеттер

 

Төрт жыл ішінде академия түлектері Атлант мұхитын кесіп өтіп, Бермуд аралдарынан бастап, Азор аралдарына дейін барып, алып кемені басқаруды, жүргізуді үйреніп, теңіз жағдайындағы қауіпсіздік шараларынан бастап халықаралық заңнама мәселелеріне дейінгі курстарды бітіріп келген. Теңіз академиясының түлегі Айшабибі Ташкенбаева кеме жүргізушісі мамандығын игерсе, Арайлым Бекова қыздар үшін қиын мамандық саналатын – кеме инженері кәсібін бағындырған. Түлектердің айтуынша, бұл мамандықтарды игеру және осы бағытта жұмыс істеп, теңізге шығу қыздар үшін еш қиындық туғызбайды. Өз кезегінде Арайлым Бекова: «Қазақстанда техникалық мамандықтардың жетіспеушілігі бар. Екінші жағынан, теңіз кемесінде жұмыс істеу өзіме қатты ұнайды. Қазір жұмыс істеу үшін бірнеше компанияны қарастырып жатырмын. Бұйыртса, өз мамандығым бойынша кемеде жұмыс істеуді мақсат тұтамын» - дейді.

Ал Айшабибі Ташкенбаева кәсіби білікті шетелдік мамандардан білім алып, мол тәжірибе жинақтағанына дән-риза. Өз кезегінде жас түлек: «Біздің оқытушыларымыздың бәрі Нидерландыдан келген. Бәрі де білікті мамандар. Әрқайсысы 20 жылдай теңізде үлкен тәжірибеден өтіп, білім алған. Олар сол білімімен бізбен бөлісті», - дей келе: «Менің мамандығым – кеме жүргізушісі. Әрине, мұндай мамандықты таңдағаныма таңырқай қарайтындар бар. Шынтуайтына келсек, бұл Қазақстанда қолға алынған Нидерландының қолдауымен жүзеге асқан болашағы зор жоба. Бұл жоба қазақ елінде тұңғыш рет қолға алынып жатқан соң, алғашқылардың қатарында болайын деп кеме жүргізушісі мамандығын игердім. Қазір «Шеврон» және «NCOC» компаниялары тарапынан мұндай мамандарға сұраныстар жоғары. Десе де, әзірше мен оқуымды әрі қарай жалғастыруды ойластырудамын», - дейді.

Қазақстан көп ұзамай Халықаралық теңіз ұйымының «Ақ тізіміне кіруі» мүмкін. Бұл бағытта теңізшілерді даярлау, оларға диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы халықаралық конвенция ережелеріне сәйкес ұлттық нормативтік-құқықтық база қалыптасумен қатар, жас талапкерлер өз елімізде білімнен сусындап, кәсіби тәжірибені шетелден өтіп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан теңіз академиясында 84 кадет білім алуда. Оқытушылардың айтуынша, теңізде жұмыс істейтін сапалы мамандарға тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұраныс өте жоғары. Кадеттер де отандық және шетелдік кемелерде жұмыс істеуге мүмкіндіктер туындағанын қуана жеткізуде.

Кәмшат Тасболат

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Келешекке нық қадаммен

    Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді.

  • Болашақ бүгiннен басталады...

    Бүгінде мектептердегі кәсіби машықтандыру барысы педагогикалық үрдістің бір бөлігі болудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған.

  • Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

    2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

  • Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

    «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда.

  • «Тәуелсіздікті жырлаймын!»

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен WikiBilim қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда.

  • Болашаққа нық сенiммен!

    Соңғы кездері жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр...

  • Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

    Ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..

  • Азаматтық қоғамға арналған MBA...

    Ресми статистикаға сенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 27 мың үкіметтік емес ұйым тіркеліпті. Бірақ статистика бұл қатарға, кәсіподақтар мен кәсіби ұйымдардан бөлек, айталық, жекеменшік пәтер иелері кооперативтерін де жатқызады.