Болашақ бүгiннен басталады...

 

Жақында Алматыда «Білім – Орталық Азия» оқыту орталығының бастамасымен және «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Болашақ – менің таңдауым! Біз мамандықтар әлемі мен өзіміз туралы не білеміз?» атты ашық пікірталас үлгісіндегі зияткерлік басқосу болып өтті. Жоспар бойынша, 2017 жылдан бастап «Баршаға тегін кәсіптік техникалық білім беру» жобасы жүзеге аса бастайды. Яғни, Елбасының бастамасымен мемлекет әрбір адамға бастапқы кәсіптік білім беруді өз мойнына алып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда, «Болашақ – менің таңдауым» сынды жобалардың қажеттігі мен маңызы жыл өткен сайын арта түссе керек.

Мемлекет басшысы өз жолдауларында адам капиталының сапалы өсуіне мән бере отырып, бұл арада, әсіресе, білім беру және денсаулық сақтау салаларына жіті көңіл бөлу қажеттігін үкіметке жүктегенін білеміз. Білім жүйесін жаңғыртуда оқыту үдерісіне жаңа заманғы технологияларды енгізумен қатар, кәсіптік-техникалық білім берудің озық үлгілерін дамыту да ел үшін үлкен мақсат. Бір қуантарлығы, бүгінде Алматы мен Астана қалаларында дәл осы мақсаттармен үндесетін «Болашақ – менің таңдауым» атты оқушыларды кәсіби машықтандыру жобасы жүзеге асырылуда.

Шыны керек, бүгінгі таңда оқушыларды кәсіби машықтандыру мәселесі аса өзекті. Сарапшылардың пікірінше, мектептердегі кәсіби машықтандыру мәселесі соңғы жылдары педагогикалық үрдістің бір бөлігіне айналудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған. Әлемде жаңа бағыттар, жаңа мамандықтар мен кәсіптер пайда болып жатыр. Осыған орай елімізде де жаңа заманға сай білім беру саласында әртүрлі ұсыныстар мен жаңа факультеттер ашылуда. Бірақ мектеп оқушыларының бұл туралы хабары мүлдем аз. Мектептердегі факультативтік сабақтар да жастардың мамандық таңдауына септік етіп отырған жоқ. Мәселен, Алматыда өткізілген әлеуметтік зерттеулер қорытындысына жүгінер болсақ, қазірде 9 сынып оқушысының 1%-дан 15%-ына дейін, 10 сынып оқушыларының 0,7-ден 5,8%-ына дейін ғана болашақ мамандығынын таңдап үлгерген. 10 сынып оқушыларының басым бөлігіне (48%) мамандық таңдауда ата-аналары әсер етсе, мұғалімдердің ықпалдық деңгейі 2-ден 4% шамасын қамтыған. Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, 9 сынып оқушыларының 59%-ына, 10 сынып оқушыларының 49%-ына болашақ мамандық таңдауда ғаламтордың әсері зор, ал оқушылардың 28%-ы бұл мәселеде ата-анасына арқа сүйейді екен.

«Біздің жобамыз жасөспірімдердің ішкі моттивациясын арттырудан бөлек, мансаптық мүмкіндіктердің ақпараттық тұрғыдан қолжетімді болуына да бағытталған, - деп әңгімелейді «Білім – Орталық Азия» орталығының атқарушы директоры Лариса Горбунова. – Әрбір түлек мамандық және кәсіп таңдауын өзі жасауы керек. Ол үшін барлық ересек азаматтар, олардың қатарында біз сияқты қоғамдық ұйым өкілдері де, ата-аналар мен мұғалімдер де бар, жұмыла жұмыс істегеніміз дұрыс. Біздің жобамыздың мақсаты да – күш біріктіру. Біздің бәріміз де балалар мен жастарды білім саласындағы жаңа технологиялар мен байланыс құралдарын пайдалана отырып, жан-жақты дамытуға мүдделіміз».

Өз кезегінде «Шеврон» компаниясының өкілі Ләйлә Айтмұқанова: «Ұзақ жылдардан бері біздің компания басқа да қазақстандық ұйымдармен бірлесе отырып, жастардың зяткерлік капиталын дамытуға сүбелі үлес қосып келеді, - дейді. - Жаңа кәсіби машықтар мен білімнің артуына қосқан біздің үлесіміз аз емес. 2007 жылдан бастап «Шеврон» компаниясы балалар үйлері мен интернат тәрбиеленушілеріне арналған ерте кәсіптік машықтандыру жобасын іске қосты. Бұл бастама «Жастар жетістігі» қоғамдық қоры тарапынан қолдау тапты. Ондағы басты міндет мынада еді, біз 8-9 сынып оқушыларына өз еріктерімен таңдаған мамандықтармен іс жүзінде танысуға мүмкіндік туғыздық. Ал мамандықты дұрыс таңдау – адамның алдағы өмірін тұрақты да табысты етіп қалыптастыруға әсер етеді».

Ләйлә Айтмұқанованың айтуынша, мамандық таңдау, әсіресе, балалар үйлері мен интернаттарда тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдер үшін өте өзекті. Өкінішке қарай, олар нарыққа қажетті қандай да бір мамандықтар туралы жеткілікті түрде ақпар алып отырған жоқ. Тіпті, өз мүмкіндіктері мен қабілеттері туралы да көп біле бермейді. Ал осы тектес жобалар жастардың өздеріне деген сенімдерін арттырып, өмірде де, кәсіби салада да табысты болуына барынша ықпал етеді.

Бүгінде «Шеврон» компаниясы мен MOST Жас Кәсіпкерлер клубы білім саласындағы ең үздік әрі инновациялық «старт-ап жобаларға», яғни, тың, жаңа бастамашыл идеяларға қаржы құйып, ел экономикасына қажетті бағыттарды дамытуға үлес қосуда. Бұл жобалар да жастар үшін қаншалықты маңызды екенін еріксіз аңғартуда.

Мәжіліс депутаттары мен Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қалалық әкімшілігінің бірқатар басқармаларының өкілдері қатысқан жиында кәсіптік машықтандыру ісінің бүгінгі таңдағы түйткілдері мен оны шешу жолдары да сараланды. Жиналған азаматтар кәсіптік білім берудің маңызын айта келе, оны дамыту бағыттарын да сөз етті. «Болашақ – менің таңдауым» жобасы да білім саласындағы соңғы тәжірибелерді бөлісуден бөлек, тың ізденістер мен жаңа мақсаттарға да жол ашуда деуге толық негіз бар.

Кәмшат Тасболат

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Келешекке нық қадаммен

    Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді.

  • Кадеттер теңiзге шығуға дайын

    «Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын...».

  • Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

    2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

  • Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

    «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда.

  • «Тәуелсіздікті жырлаймын!»

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен WikiBilim қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда.

  • Болашаққа нық сенiммен!

    Соңғы кездері жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр...

  • Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

    Ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..

  • Азаматтық қоғамға арналған MBA...

    Ресми статистикаға сенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 27 мың үкіметтік емес ұйым тіркеліпті. Бірақ статистика бұл қатарға, кәсіподақтар мен кәсіби ұйымдардан бөлек, айталық, жекеменшік пәтер иелері кооперативтерін де жатқызады.