Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

 

2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

2015 жылдың 18 қарашасында кішкентай бүлдіршіннің оң жақ бүйрегі мен қатерлі ісік ошағы алынып тасталды. Операция барысында ісіктің бауырға дейін таралып кеткені анықталған соң, бауырдың да жартысын операциялық жолмен алу туралы шешім қабылданды. Өкінішке қарай, бүлдіршіннің жағдайы қалыпқа келе қоймады, сондықтан Әсемнің ата-анасы Ресей, Қытай, Германия, Оңтүстік Корея елдерінің дәрігерлерінен көмек сұрауға мәжбүр болды. Олар осы уақыт ішінде көптеген қиындықтан өтті. Шетелдік дәрігерлердің немқұрайлығымен де, шарасыздығымен де бетпе-бет келді, бірақ кішкентай Әсемнің емделіп, бұл дерттен толық айығып кетеріне бір сәт те күдік келтірмеді. Осы уақыт ішінде Әсемнің әкесі Дәулет Ахметжанов талай табалдырықты тоздырып, ақыр соңында Аружан Саинның «Милосердие» қоғамдық қоры арқасында мұндай дертті Оңтүстік Кореяда толықтай емдеп шығатынын естіп, дереу жолға аттанды.

 



 

Түптеп келгенде, бүгінде Сеулдегі «Северанс» ауруханасы ғана Әсемді толық емдеп шығуға келісім беріп, ата-анасының жүрегіне үлкен үміт ұялатып отыр. Кореялық дәрігерлердің есебі бойынша, ем-домға жалпы құны 200 мыңнан бастап 500 мың еуроға дейін қаржы кетуі мүмкін. Қазір Әсем аталған клиникада химия терапия курсынан өтуде. Әсемнің әкесі Дәулет Ахметжановтың айтуынша, Сеулдегі клиникада ем алғаннан кейін баланың беті бері қарай бастаған. Ахметжановтар отбасы қыздарының бұл дерттен толық айығып шығатынынан үміттенеді. Үш баланың әкесі Дәулет Ахметжанов: «Біз жерлестерімізден біздің отбасымызға көмек сұрауға мәжбүрміз. Бізге мамыр айының соңына дейін 50 мың доллар жинау қажет боп тұр. Бұл қаражат екі рет бағаналық жасушалар жинауға керек. Оның әрқайсысы 25 мың доллардан тұрады», - дейді.

Бұл арада Ахметжановтар отбасы Аружан Саин негізін қалаған  «Милосердие» қоғамдық қоры мен Қазақстанда емделмейтін науқас балаларға көмек көрсету жобасының менеджері Светлана Селюнинаға айрықша  ризашылық білдіреді. Өз кезегінде Дәулет Ахметжанов: «Біздің қызымызға жылы лебізбен қарап, материалдық көмек те көрсетті. Олар бізді қаңтар айынан бері қолдап келеді», - дейді. Мамандардың айтуынша, нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі – емделетін дерт. Бірақ науқас адам ұзаққа созылатын емдеуден өтуі тиіс. Емделуге қыруар қаржы қажет болғандықтан, осы күнге дейін Әсем үшін қайырымдылық концерттері де, қайырымдылық марафондары да ұйымдастырылып келді. Бірақ, өкінішке қарай, қазірше қаржы тапшылығы қатты сезіледі.

Дәулет Ахметжановтың айтуынша, бүгін Әсем өзін біршама тәуір сезінеді. Өздігімен жүріп-тұрып, ойнай да алады. Көңіл-күйі сергек. Сурет салып, ән айтқанды ұнатады. Кореялық дәрігерлердің айтуынша, баланың өмірін сақтап қалуға үміт бар. Тек бар мәселе қаржыға келіп тіреледі. Осы күнге дейін жеке қаржысына қыздарын емдеткен отбасы қымбат емді әрі қарай көтеруге шарасыз. Сондықтан қайырымдылық қорларынан бөлек, қарапайым қазақстандықтармен қатар, мемлекеттік органдардың да Әсемнің дертіне бей-жай қарамай, қол ұшын созуы аса маңызды. Бүгінде мемлекеттен квота алу мәселесі де талқыланып жатыр. Бірақ бұған да елеулі уақыт қажет. Әсемнің ата-анасы отандастарынан көмек сұрайды.

Көмек көрсетем деушілерге Дәулет Ахметжановтың байланыс телефоны: 8 771 501 1542. Толықтай мәліметті мына сілтемеден алуға болады: www.facebook.com/akhmetzhanov.dau?fref=nf&pnref=story

Кәмшат Тасболат

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Келешекке нық қадаммен

    Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді.

  • Кадеттер теңiзге шығуға дайын

    «Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын...».

  • Болашақ бүгiннен басталады...

    Бүгінде мектептердегі кәсіби машықтандыру барысы педагогикалық үрдістің бір бөлігі болудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған.

  • Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

    «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда.

  • «Тәуелсіздікті жырлаймын!»

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен WikiBilim қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда.

  • Болашаққа нық сенiммен!

    Соңғы кездері жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр...

  • Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

    Ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..

  • Азаматтық қоғамға арналған MBA...

    Ресми статистикаға сенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 27 мың үкіметтік емес ұйым тіркеліпті. Бірақ статистика бұл қатарға, кәсіподақтар мен кәсіби ұйымдардан бөлек, айталық, жекеменшік пәтер иелері кооперативтерін де жатқызады.