Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

 

Әлемдік экономиканың энергетикалық секторы бүгінде жаңа технологиялық серпін мен топжарар тың жаңалықтарды қажет етеді. Мұны әлем бойынша ғылыми да, саяси да топтар ашық мойындауда. Қазіргі таңда әлем жұрты халықаралық «Жасыл экономика» жобасына шындап ден қоюда...

Айта кету керек, «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, тың ұсыныстарымен танымалдылыққа ие болуда. Олар бүгінде әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда. Бұл тұрғыда қазақ ғалымдары ұсынып отырған озық әдістер жаңартылған энергия көздеріне барынша назар аударуды ынталандыруға бағытталған. Сол сияқты, бұл жобалар аясында климаттың өзгеруі сынды ғаламдық зобалаңды ескере отырып, көмірқышқыл газы мен қалдықтардың ауаға шығарылуын азайту талабы да есепке алынған. Ендігі кезекте, бұл жобалар отандық және шетелдік инвесторлардың назарынан тыс қалмайды деген үміттеміз.

Арпа-бидай ас екен...

Әлемдік деңгейде алғанда, бүгінде ғылыми қоғамдастық агродақылдар үлесін арттырып, бітік егін мәселесін біржақты етіп шешуге негізделген жобаларға ден қоюда. Жер бетіндегі халық саны жыл өткен сайын ұлғая түскенін ескерсек, азық-түлікке деген сұраныс пен энергия тұтыну көрсеткіші де сол тұрғыда артып келеді деген сөз. Айталық, 1980 жылдан бері әлем бойынша алғанда электр энергиясын тұтыну екі есе өскен. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш әрі қарай ұлғая беретіні анық, мәселен, кей деректерге сенсек, ғаламдық ауқымда алғанда 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну 70%-ға дейін өсуі мүмкін...

Сонымен, экологиялық тұрақтылық жағдайында арпа, бидай сынды ауыл шаруашылығы дақылдарын жеделдетіп өсіру үшін не істеген дұрыс? Бұған жауапты «Орталық Қазақстанның қоңыр көмірін кешенді түрде өңдеу» деп аталатын ғылыми еңбектен табуға болады. Химик ғалымдардың бұл зерттеулеріне белгілі ғалым Жақсынтай Қайырбеков басшылық етуде. Осынау іргелі ізденіс авторларының бірі химия ғылымдарының кандидаты Жәния Ешова. Жәния ханымның ғылыми жұмысы синтетикалық каучук, талшықтар және дәрі-дәрмектер жасауда қолданылатын тұнбалар мен жекелеген компоненттерді қатты қыздыру үрдісін қолдана отырып, көмірді қайта өңдеу дегенге саяды. Ғалым бұлайша өсімдіктердің шапшаң өсуіне ықпал етуі тиіс гумин препараттарын көмірден ажыратып алу барысын зерттеуде.

Химик ғалымдар бірлесе отырып, тұқымдардың өнгіштігіне әсер ете алатын су ерітінділері препараттарын әзірледі. Микро- және макроэлементтермен, жабайы өсімдіктердің тұнбаларымен (мысалға, ақ жусанмен) байытылған табиғи белсенділігі жоғары жаңа гумин препараттарының тиімділігін зерттеуде биотестілеу әдістері қолданылып, зертханалық тәжірибелер жүргізілді.

Тәжірибе нәтижелері бидай мен арпаның өңдеуден өткен тәжірибелік дәндеріндегі әртүрлі су ерітінділерінің топтасу көрсеткіші тиімді деңгейде екендігін көрсетті. Яғни, егіс науқаны алдында дәнді дақылдарды дәл осындай жолмен өңдеуден өткізу, олардың өнгіштігін арттырып, сорланған жерлерде де өсіп-өнуіне септік етеді. Демек, осынау химиялық әдіс агродақылдардың мейлінше жедел гүлдеп, жеміс беруін ынталандырумен қатар, олардың экологиялық тұрақтылығын да қамтамасыз етпек. Түйіндеп айтқанда, келешекте ауыл шаруашылығы өнімдері әдеттегі астық жинау науқанынан анағұрлым ертерек өнім бере алады деген сөз.

...Шаң қаптырар жоба

Әлемдік деңгейде алғандағы өзекті мәселенің бірі бүгінде – пласмасс пен резеңке доңғалақтарды өңдеуден өткізу дегенге келіп тіреледі. Бұған жауап іздеуші зерттеушілер ішінде қазақ ғалымы Ермек Әубәкіріов те бар. Көліктің тозған доңғалағы мен пласмасс қалдықтарынан алынатын синтетикалық өнімдер сипаты жағынан жанармай не жермай сынды мұнайдан алынатын өнімдерден еш кем емес. Бұл ғылыми дәлелденген айғақ. Ермек Әубәкіров қолданып отырған – мотор отынын катализдік сутектендіру әдісімен алу жолының артықшылығына тоқталсақ, ең алдымен, өңделген өнімге оңай қол жеткізуге болады; әрі бұл өнім экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және төмен температураларда энергия үнемдеу технологиясы іске қосылады. Сонымен қатар, ауыр мұнай қалдықтары негізіндегі паста тәріздес зат құрауда оны сутегі көзі ретінде қолдану – ресурс үнемдеуге жол ашады. Айта кету керек, аталған әдіс экономикалық, техникалық, ғылыми тұрғыда да шетелдік бәсекелестерді шаң қаптыра алады. Бұл жобаның бірегей құндылығының бірі де осында.

Жобаны жүзеге асыра отырып, көмірсутегі шикізатының базалық мүмкіндіктерін кеңейтуге әбден болады. Ескеретін жайт – жанғыш қабілеті бар қатты қазбалар мен тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу негізінде мотордың сұйық отыны алынады. Ал ол бүгінде ең көп тұтынылатын өнім десек, артық айтпаспыз. Негізі, отынның бұл түрін қолдану аумағы өте кең, мысалға, ол көлік және ұшақ қозғалтқыштарын жұмысқа қосатын басты отын. Сол сияқты, бұл өнімді шайыр, қара май, каучук еріту барысында өнеркәсіптік деңгейде қолдануға да болады немесе ол дақ кетіргіш езгіш ретінде қарапайым тұрмыста да өте қажет. Ең бастысы, жоба авторының ізденісіне сәйкес – бұл жолмен алынатын мотордың сұйық отынының сапасы өте жоғары. Егер бұл өнім қолданысқа түсіп жатса, отандық көлік жүргізушілер дән-риза болары анық.

Мақсат – қауiпсiз өн

Тағы бір тың ізденістен туындаған технологиялық жоба авторы Индира Желдібаева жаңа әдістерге сүйене отырып, кешенді катализаторларда көмір және мұнай дистиляттарының (тазартылған өнімдер) жанармай құрамын гидроөңдеу тұрғысында тәжірибе жүргізді. Анығын айту керек, бүгінде химик ғалымдар игере алмайтын сала жоқ. Олар қазір сарапшы да, талдаушы да, экономист те, тіпті, заңгер де... Индира ханым өз жобасы аясында әзірлеген технологиялық әдіс негізінде синтетикалық мұнай мен жанармай фракцияларының, құнды газдардың, органикалық қатты заттар – битум, кокс және органикалық емес қож қалдықтарының сұйық өнімдеріне қол жеткізді. Синтетикалық сұйық өнімдерді тазартудан өткізу барысында алынған өнім жанармайға, дизельді отынға, мазутқа тікелей қатысты. Ғалым, сондай-ақ көмірді алдын-ала механикалық өңдеуден өткізу үшін оңтайлы уақыт орамын анықтап, белгілей алды, яғни бұл шараға жиырма минут қажет. Осы уақыт орамында сұйық өнімдерді шығару көрсеткішін 61%-ға дейін көтеруге болады. Өз кезегінде, осынау оңтайлы шешім «Ой-Қарағай» кен орнында шығарылатын көмірді сутектендіріп өңдеудің ұтымды технологияларын әзірлеу барысында тиімді болмақ. Индира ханым қолға алған жоба мотор отынының спапасын арттыруды мақсат етеді. Ғалым қазір дәстүрлі емес әдістерге сүйене отырып, жанармай фракцияларын сутекті тұрғыдан жақсарту үрдісі катализаторларын жетілдіру жолында ізденуде. Егер бұл жоба жүзеге асып жатса, онда дайын өнім түріндегі сапасы өте жоғары мотор отынына қол жеткізу мүмкіндігі туындайды.

Сарапшы мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда мұнай өңдеу саласының әлемдік даму деңгейі өте жоғары, сондықтан да ғалымдар қазір экологиялық тұрғыдан қауіпсіз өнімдер шығаруға тыңғылықты көңіл бөлуде. Олар өз ізденістерінде энергия үнемдеу, энергия көздерімен қамтамасыз ету тиімділігі деген мәселелермен қатар, ірі өнеркәсіптер жұмысының салдары ретіндегі ауаға шығарылатын көмірқышқыл газы мен қалдықтар ауқымын азайту тұрғысында да нақты зерттеулер жүргізуде. Енді бұл мәселеге іргелі капиталға иелік ететін энергетикалық өнеркәсіп иелері мен қалталы инвесторлар да арагідік көңіл аударса дұрыс болар еді...

Дәрия Кемер

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Келешекке нық қадаммен

    Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді.

  • Кадеттер теңiзге шығуға дайын

    «Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын...».

  • Болашақ бүгiннен басталады...

    Бүгінде мектептердегі кәсіби машықтандыру барысы педагогикалық үрдістің бір бөлігі болудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған.

  • Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

    2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

  • «Тәуелсіздікті жырлаймын!»

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен WikiBilim қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда.

  • Болашаққа нық сенiммен!

    Соңғы кездері жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр...

  • Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

    Ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..

  • Азаматтық қоғамға арналған MBA...

    Ресми статистикаға сенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 27 мың үкіметтік емес ұйым тіркеліпті. Бірақ статистика бұл қатарға, кәсіподақтар мен кәсіби ұйымдардан бөлек, айталық, жекеменшік пәтер иелері кооперативтерін де жатқызады.