«Тәуелсіздікті жырлаймын!»

 

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен «WikiBilim» қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, радио толқынында берілетін ел дамуының түрлі кезеңінде жазылған отандастарымыздың поэтикалық шығармалары тыңдарман қауымға лирикалық көңіл-күй сыйлап, жігер-рух беріп, ерекше толқынысқа бөлейді. Бүгінде сондай жасампаз шығармаларды оқып, Отанға деген сүйіспеншілігін білдіргендер қатарында Олжас Сүлейменов, Ұлықбек Есдәулет, Шөмішбай Сариев, Маралтай Райымбекұлы сынды елге танымал өзге де тұлғалар бар.

«Поэзия – мәдени құндылықтарды жеткізудің ең ұтымды құралдарының бірі болғандықтан, біз осы жоба арқылы қазақстандықтардың мәдени әлемі туралы айтқымыз келді, - дейді «WikiBilim» қоғамдық қорының президенті Әлібек Қисыбай. - Бұдан басқа, біздің тыңдармандарымыз өз Отанына деген махаббат, отандастарымыз үшін мақтаныш, туған өлкенің табиғатына тамсану сияқты ғажап сезімдердің тұтас үйлесімін басынан өткізеді. Себебі тәуелсіз Қазақстанның мақтан тұтатын жетістіктері өте көп».

Бір қуантарлығы, жобаға тек танымал тұлғалар ғана емес, тіпті, мектеп оқушыларынан бастап егде жастағы қарттар да қатысуға мүмкіндік алған. Қазақ және орыс тілдерінде оқылып жатқан өлең-жыр жолдары ешкімді де бей-жай қалдырмасы анық. Себебі Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ілтипат баршамыздың басымызды біріктіретін маңызды факторлардың бірі емес пе?!

 

Джессика Ховард

Джессика Ховард

 

Екі айдан бері қолға алынған жобаға бүгінгі таңда 50-ден астам адам қатысып үлгеріпті. Олардың қатарында тек ел танитын, атағы жер жаратын ақын-жазушылар ғана емес, сондай-ақ, кино мен театр актерлары, білім саласының қызметкерлері, тіпті, шетел азаматтары да бар. Мәселен, Джессика Ховард өлең жолдарын ел халқына арнау арқылы Қазақстанға деген жылы лебізі мен ілтипатын білдіреді. Жалпы, қатысушылар халқымызды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаумен қатар, сүйікті өлеңдерін де оқып береді. Сондай-ақ, өздері таңдаған шығарманың құндылығы туралы сөз етеді.

Жобаға қатысқан сазгер Елена Әбдіхалықованың айтуынша, «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты игі бастаманың маңызы өте зор. Өз кезегінде ол былай дейді: «Поэзия осы әлемнің, жарық дүниенің, тіпті, қараңғы дүниенің тілі секілді көрінеді. Қаншама адамзат ұрпағы ауысқаныменен, поэзияның орны еш төмендеген жоқ. Оларды тудырған есімдер халықтың жадында мәңгі қалады. Бұл тұтас ұрпақтың тарихын айтуға мүмкіндік».

 

Актриса Кенжегүл Жорабаева

Актриса Кенжегүл Жорабаева

 

Осынау игі бастама, әсіресе, жастардың ерекше ықыласына бөленуде. Олардың сүйікті актерлары Дәурен Серғазин, Бақыт Қажыбаев, Кенжегүл Жорабаева, Балжан Зияқұлова, т.б. танымал тұлғалар «сөз патшасы» өлең арқылы елге, халыққа деген жылы ілтипатын білдіріп жатқанда, бұл жәйт жастардың да патриоттық рухын көтеруге септесері хақ. Содан да болар, бүгінде аталған жобаға қатысуға ниет білдіріп жатқандардың саны толастар емес. Жобаны ұйымдастырушылар оны әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл Қазақстан азаматтарына өлең-жыр шумақтары арқылы ел халқын асулы кезеңмен құттықтауға жол ашпақ.

 

Студент Юлия Миронова

Студент Юлия Миронова

 

Жоба авторларының мәліметінше, «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба аясында кәсіби роликтер жазылып құрастырылуда, оларды кез келген адам «Қазақ радиосының» сайтынан kazradio.kaztrk.kz/kz/news/tauelsizdiktijyrlaimyn_kz (қазақ тілінде), kazradio.kaztrk.kz/ru/news/tauelsizdiktijyrlaimyn_kz (орыс тілінде), сондай-ақ «Қазақстанның ашық кітапханасынан» тыңдап, тамашалай алады.

Шүкір Әлiм

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Келешекке нық қадаммен

    Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді.

  • Кадеттер теңiзге шығуға дайын

    «Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын...».

  • Болашақ бүгiннен басталады...

    Бүгінде мектептердегі кәсіби машықтандыру барысы педагогикалық үрдістің бір бөлігі болудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған.

  • Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

    2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

  • Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

    «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда.

  • Болашаққа нық сенiммен!

    Соңғы кездері жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр...

  • Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

    Ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..

  • Азаматтық қоғамға арналған MBA...

    Ресми статистикаға сенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 27 мың үкіметтік емес ұйым тіркеліпті. Бірақ статистика бұл қатарға, кәсіподақтар мен кәсіби ұйымдардан бөлек, айталық, жекеменшік пәтер иелері кооперативтерін де жатқызады.