Болашаққа нық сенiммен!

 

2007 жылдан бері  оңтүстік астанада «Шеврон» компаниясы мен «Жастар жетістігі» қоғамдық қорының бастамасымен «Менің болашақ мамандығым» атты жоба іске қосылған болатын.  Осынау игі бастаманы Алматы қаласы Білім беру басқармасының интернат мекемелерін қамқорға алу бөлімі мен Балалар құқын қорғау департаменті де қолдап отыр. Жоба жүзеге асқан 10 жылға таяу уақыт ішінде әлеуметтік топтағы 850 бала әртүрлі мамандықтарға тән дағды мен біліктілікті игеріп үлгерген.

Жақында Алматы қаласындағы есту қабілеті төмен балаларға арналған №5 мектеп-интернаты мен Алматы облысы №1 Балалар үйінің тәрбиеленушілері «Менің болашақ мамандығым» жобасы бойынша кәсіптік біліктілік курстарынан өткені жөніндегі дипломдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.  Бұл жобаның маңызы мен мәні туралы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі директорының оқу-өнеркәсіптік жұмыстар бойынша орынбасары Лилия Рахимгереева былай деп әңгімелейді: «Шеврон» компаниясы мен «Жастар жетістігі» ҚҚ қолдауымен 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан осы жоба аясында біз Балалар үйлері мен есту қабілеті төмен балаларға арналған интернат тәрбиеленушілері үшін алғашқы кәсіптік білім беруді қолға алдық. Бұл мамандықтар оларға ересек өмірде өте қажет болатыны анық. Жыл сайын біз балалар үшін оқу бағдарламасын өзгертіп, жаңартып отырамыз. Оларды барлық мамандықтарға баулуға, әсіресе, қонақ үй бизнесі мен туризм индустриясы, мейрамхана қызметі, т.б. салаларға тартып, әр мамандықтың маңызын түсіндіруге тырысамыз. Балалар да сабаққа ерекше ынта-ықыласпен қатысады. Біздің курстарды бітірген балалар мектептен кейін әрі қарай білімін жалғастыру үшін  көбіне-көп біздің колледжді таңдап жатады. Жыл сайын бізде интернаттар мен мектептерден келген 50-70 балаға дейін оқып, білім алады. Пән сабақтары қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі Өз кезегінде біз «Шеврон» компаниясына алғыс білдіргіміз келеді. Осы компанияның қолдауы арқасында Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері заман талабына сай жаңа мамандықтарды игеріп, кәсіби дағды алуға машықтануда».

 

Шеврон

 

«Жоба жүзеге асқан 10 жылдың ішінде 850-ге жуық бала әртүрлі кәсіптік мамандыққа ие болды, - деп пікір қосады «Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобалар бойынша үйлестірушісі Жанар Қошпанова. - Атап айтсақ, олар аспазшы, кондитер маманы, шаштараз, т.б. қажетті мамандықтарды игерді. Тіпті, қазіргі замандағы мейрамханалар мен кафелерде дастарханды қалай жаю қажеттігін үйрететін курстар да болды. Әу бастан Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кәсіптік білім беруді мақсат тұтқан едік, ал екі жылдан бері есту қабілеті төмен балаларға да тиісті кәсіби дағды беруді қолға алдық. Бір қуантарлығы, есту қабілеті төмен балалар да жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Бұл балалардың ықыласы ерекше дер едім. Себебі олардың дұрыс естімеуіне байланысты көптеген жобалардан шеттетіліп жатады. Яғни, мұндай мүмкіндіктер көп бола бермейді.

 

Шеврон

 

Әрине, мен бұл арада колледж оқытушыларына ризашылық білдіргім келеді. Оқытушылардың бұл жобаға бей-жай қарамай, интернат балаларына ерекше мейіріммен сабақ үйретуі қуантарлық. Өкінішке қарай, Балалар үйлері мен интернат тәрбиеленушілері отбасылық қарым-қатынаспен аса таныс емес. Мәселен, үйде өсіп жатқан балалар сияқты олар, тіпті, кір жуғыш машинаны немесе микротолқынды пешті қалай қосуды да біле бермейді. Сондықтан бұл бағыт-бағдар, бұл дағдылар отбасылық қарым-қатынасты үйретуге қосқан үлес іспетті, кейін ол осы балаларға қажет болады деген сенімдеміз.  Біздің компаниямыз осы тектес көптеген әлеуметтік жобаларды іске асыруда. Біз, әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау және экономикалық даму бағыттары бойынша жұмыс істейміз».

«Өкінішке қарай, есту қабілеті төмен балаларға ұсынылатын мамандықтар саны шектеулі, - деп әңгімелейді өз кезегінде «Шеврон» компаниясының қоғаммен байланыс маманы Айнұр Сыдықова. - Оларға дәстүр бойынша киім тігу, аяқ-киім жөндеу сияқты денсаулығына залалы тимейтін кәсіптерді үйретеді. Содан болар, қазір аяқ-киім жөндейтін орталықтарда көбіне-көп құлағы естімейтін адамдар жұмыс істейді. Біздіңше, олардың мамандықтарын да кеңейте түсу керек. Мәселен, оларға компьютерді кеңінен пайдалануға болады. Олар, тіпті, қонақ үйлер мен асханаларда да жұмыс істей алады. Мұндағы ең өзекті мәселе – сурдолог мамандардың тапшылығы. Бұл жоба аясында осындай мамандар көбейіп, өз қызметін ұсынуға талпынған соң, балалардың алдында да жаңа кәсіптерді үйренуге кеңінен жол ашылуда. Есту қабілеті төмен балаларға арналған жобамыз іске қосылғалы ата-аналар да, жас жеткіншектер де қуаныштарын жасыра алмай келеді. Бұл жобаға бәрі де дән риза.

 

Шеврон

 

Әрине, біз жылда осындай жобалардың маңызына қарай оның жалғасы қажет пе, жоқ па деген мәселе төңірегінде көп толғанамыз. Оның үстіне, мемлекеттің өзі кәсіптік-техникалық білім беру саласына қаншама қаражат бөліп жатыр?! Өз кезегінде біз осындай жобаның моделін жасап тараттық. Бәлкім, болашақта мұндай жобаларға араласудың қажеті де болмас. Қазірше біз маңызды іспен айналысып жатқанымызды білеміз. Жалпы, бізді қуантарлығы, соңғы кездері көптеген жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр. Біз өз бастамаларымыздың әлі де нәтижелі боларына сенеміз».

Кәмшат Тасболат

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Келешекке нық қадаммен

    Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді.

  • Кадеттер теңiзге шығуға дайын

    «Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын...».

  • Болашақ бүгiннен басталады...

    Бүгінде мектептердегі кәсіби машықтандыру барысы педагогикалық үрдістің бір бөлігі болудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған.

  • Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

    2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

  • Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

    «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда.

  • «Тәуелсіздікті жырлаймын!»

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен WikiBilim қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда.

  • Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

    Ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..

  • Азаматтық қоғамға арналған MBA...

    Ресми статистикаға сенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 27 мың үкіметтік емес ұйым тіркеліпті. Бірақ статистика бұл қатарға, кәсіподақтар мен кәсіби ұйымдардан бөлек, айталық, жекеменшік пәтер иелері кооперативтерін де жатқызады.