Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

 

Ел өнеркәсібінің бәсекелестік қабілетін арттырып, өндіріс әлеуетін шыңдаймыз десек, жаңа технологияларды игеріп, қолдануға тиіспіз. Отандық ғалымдардың бірсыпырасы осылай деп отыр. Айтқандай-ақ, бүгінде қазақстандық ғалымдар қолға алып, зерттеп жатқан технологиялардың бірқатары тек өндіріс саласы үшін ғана емес, қарапайым тұтынушылардың да игілігіне жарап қалатындай екен.

Жақсынтай Қайырбековтің Алматыдағы химиктер мектебінің мәртебесі әлемдік деңгейден еш кем емес. Химия ғылымының докторы, атақты педагог өз төңірегіне ғылымға берілген жас ғалымдар мен ізденушілерді шоғырландыра білген.  Олардың әрбір зерттеулері заманауи өндірісті шыңдап, ынталандыру бағытындағы қарымды қадам. Мұнай өнімдерін өңдеу саласындағы ғалымдар өз жобасында түпкілікті өнімді шығыны аз, үнемді жолмен, бірақ тиімділігі мол әдіспен шығаруға ден қойған. Олар үшін басты міндет – жоғары технологиялық өнімге қол жеткізу, мысалға таза дизельді отын, таза май, сапалы битум дегендей.

ЕВРО-2, -3, -4 аясында отынның экологиялық және эксплуатациялық сипатына қатысты және Киот келісімі аясындағы талаптардың қатая түсуі отандық ғалымдарды жаңа шешімдерге жетелеп отырғаны рас. Және де бұл тұрғыда өзіндік оң шешімдер де жоқ емес. Мысалға, дарынды ғалым, химия ғылымдарының кандидаты Жаннұр Мылтықбаева екі бірдей ірі жобаны қолға алған. Оның бірі – тотықтандыру және қалпына келтіру үдерістері негізінде жоғары сапалы отын алу әдісін әзірлеу. Жаннұр ханым сутек тотығының күкіртті қосындыларын сұйық жолмен тотықтандыруға қатысты ерекше әдіс ойлап тапты. Аталған жоба елімізде ғылым және техника саласының басымдық берілген салаларын дамытуға бағытталған. Яғни, экологиялық таза отын өндірудің халықаралық стандарттарына сай дизельді отын алудың бәсекеге қабілетті жаңа да тиімді технологияларын әзірлеу тұрғысында. Бұл жобаны ойлап таппас бұрын, жас ғалымға тек өз елімізде ғана емес, сондай-ақ Испания мен Жапонияның химиялық зертханаларында да күрделі тәжірибелер жүргізіп, өз ойындағы жобаны әбден шыңдап, жетілдіруге тура келді.

Екінші жоба – жылу электр станцияларынан алынған қалдық күл негізінде әзірленген түрлендіру катализаторларын қолдана отырып мұнай фракцияларын сутегілік ортада қалпына келтіру негізінде күкіртсіздендіруді көздейді. Жоба нәтижелері көрсетіп бергендей, күкірт құрамын азайту барысында Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарының заманға сай талаптарына барынша жақындауға әбден болады. Ғалым ұсынған күкірттен тазарту технологиялары, ең алдымен, отандық газ және мұнай өңдеу зауыттары үшін таптырмас ұсыныс, сол сияқты, бұл жаңалық мұнай химиясы саласы мен көлік шығару сынды өзге де іргелі өндірістер үшін тың ізденіс болып табылады.

Ғылым мен өнеркәсіп ошақтарын қызықтырмай қоймайтын тағы бір ерекше жобаны ұсынып отырған РһD ғалым Эльмира Ермолдина гетерогенді катализ және полимерлік металданған кешен саласындағы мықты маман. Оның жобасындағы басты жаңалық – еліміздегі минералдық шикізаттарды рационалды етіп пайдалануға бағытталған. Эльмира ханымның ізденістерін іріктеушілігі жоғары органикалық қоспаларды тотықтандыру және сутектендіру жолында фармацевтикалық салада қолдануға болады. Ғалымның зерттеулері жасыл химия қағидалары мен ұстанымдарына сай келетін катализаторлар мен үрдістерді әзірлеуге бағытталған. Аталған жобаны жүзеге асырудың әлеуметтік тиімділігі туралы сөз қозғасақ, бұл, ең алдымен, өз елімізде өндірілетін аса қымбат емес шикізаттарды игеруде адам өмірі үшін мейлінше қауіпсіз технологиялар қолдану дегенге саяды.

Жоғары сапалы химия және мұнай өнімдеріне деген сұраныс мұнайдан және көмірден алынатын жоғары молекулярлық көмірсутегі шикізаттарын тереңдетіп өңдеу барысын әрі қарай дамыту қажеттігін алға шығарады. Бұл тұрғыда Назым Смағұлованың жобалары тек ұлттық қана емес, әлемдік негізде де өте маңызды мәнге ие. Назым ханымның ғылыми жұмысы Шұбаркөл кен орнындағы қарамай және жартылай кокстелген көмір мен Құмкөл кенішіндегі мұнайдың вакуумды-газойлды фракцияларын тереңдетіп өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеуге арналған. Ғалым ұсынып отырған осынау күрделі технология мұнай фракцияларын өңдеуге жұмсалатын капиталдық салымдардың ауқымын едәуір азайтуға жол ашады (тіпті, екі еседей), соған қарамастан отын өндіру көрсеткіші айтарлықтай жоғары деңгейде қалмақ. Жоба нәтижелері отандық мұнай өңдеу және коксохимиялық зауыттар үшін таптырмас жаңалық болмақ және де бұл әдістің әлемдік баламасы жоқ. Қарапайым сөзбен айтқанда, аталған жаңалық өндіріс барысында түпкілікті қолданылып жатса, тұтынушылар бензол, нафталин, тетралин сынды отандық химиялық өнімдерге қол жеткізе алады деген сөз, яғни тұрмыс барысында бұл заттар бояу езгіш ерітінділер түрінде қолданысқа түспек.

Ғылыми жаңалықтар мен технологиялық шешімдер, еліміз үшін маңызды стратегиялық өнім, экспорттың «алтын» құралы – мұнай және мұнай өнімдерін пайдалану мүмкіндігін арттыра түсетіні әу бастан белгілі. Әйтсе де, әлем нарықтарын шарлап кеткен бүгінгідей қаржы дағдарысы салдарында «қара алтын» дүрбелеңі көптеген дамушы елдердің экономикасын әлсіретіп тастағаны тағы анық. Әлбетте, мұнай өңдеу саласы ауқымды қаржы мен энергия қуатын талап ететін сала. Сондықтан да жаңа да жасампаз технологияларды ендіру барысы өндірістік жаңа қуаттар мен сыйымды инвестицияларды талап етеді. Әйтсе де, ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді. Әлемдік деңгейдегі тәжірибе қорытындылары көрсетіп отырғандай, технологиялық өрлеу әдетте әкономика қарқыны бәсеңсіген кезеңдерде барынша көтеріле түседі...

Дәрия Кемер, Ирина Никонова

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Келешекке нық қадаммен

    Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді.

  • Кадеттер теңiзге шығуға дайын

    «Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын...».

  • Болашақ бүгiннен басталады...

    Бүгінде мектептердегі кәсіби машықтандыру барысы педагогикалық үрдістің бір бөлігі болудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған.

  • Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

    2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

  • Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

    «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда.

  • «Тәуелсіздікті жырлаймын!»

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен WikiBilim қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда.

  • Болашаққа нық сенiммен!

    Соңғы кездері жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..

  • Азаматтық қоғамға арналған MBA...

    Ресми статистикаға сенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 27 мың үкіметтік емес ұйым тіркеліпті. Бірақ статистика бұл қатарға, кәсіподақтар мен кәсіби ұйымдардан бөлек, айталық, жекеменшік пәтер иелері кооперативтерін де жатқызады.