• Рабига Абдикеримова

    Журналист

  • 4 июня 2015

Ақшаң болса қалтаңда...

 

Инвестициялық мәдениеттің басты көрсеткіштеріне, сарапшылар, ақпарат ашықтығын, мәлімет айқындығын, корпоративтік басқарудың биік деңгейін жатқызады. IСКЕР МЕДИА баспасы ұйымдастырған пікірталас барысында әңгіме отандық қор нарығының бүгінгі және ертеңгі мүмкіндіктері, IPO шарасының ерекшеліктері және инвесторларды қызықтыратын компаниялар мен салалар төңірегінде өрбіді. Алайда, отандық компаниялар дәл қазір ашық ақпарат пен айқын мәлімет талабына қаншалықты дайын? Жалпы, Қазақстан нарығында инвесторлар үшін тартымды компаниялар көп пе? Сарапшылар не дейді?

BCC Invest инвестициялық компаниясының жетекші сарапшысы Наина Романова, отандық нарықтағы инвесторлар үшін мейлінше тартымды компаниялар қатарына мыналарды жатқызады: сүт өнімдерін өндіретін Food Master компаниясы,  Magnum Cash&Carry дүкендер желісі, Astana Group, BI Group инвестициялық-құрылыс холдингі, ҚазЦинк компаниясы. Сарапшының айтуынша, бұлар жеке сектордағы көпке танымал компаниялар, әсіресе, қалың жұртшылық арасында. Сонымен қатар, бүгінде бұл компаниялар қарқындап дамып, өз нарық сегментінде елеулі үлеске ие болып отыр.

«Өкінішке қарай, біз бұл компаниялардың өсім динамикасына баға бере алмаймыз, өйткені олардың қаржылық қызмет нәтижесіне қол жеткізе алмадық. Дегенмен, бұл компаниялар ұстанып отырған бизнес үлгілері мейлінше тартымды және де, біздің ойымызша, олардағы табыс көрсеткіші де айтарлықтай іргелі. Мысалға, соңғы 7 жылда Magnum Cash&Carry дүкендер желісі еліміздің төрт бірдей қаласында 11 сауда кешенін ашып үлгерді. Аталған компания халық тұтынатын тауарларды саудаға салады, ал бұл тауар түрлеріне сұраныс ешқашан өшпейді.

Food Master болса Қазақстан нарығындағы сүт өнімдерін өндіретін жетекші компания және де оның сыртқы нарықтарға шығу мүмкіндіктері де жеткілікті. Astana Group құрамында Astana Motors пен Mega Development бар. Бүгінгі таңда MEGA ойын-сауық сауда орталығы еліміздің төрт қаласында жұмыс істеп жатыр, бұл орталыққа деген халық ықыласы әу бастан жоғары. Біздің ойымызша, егер бұл компания бастапқы нарыққа шығып жатса, онда көптеген инвесторлар оған акционер болуға талпыныс білдірері хак.

BI Group – ең ірі инвестициялық-құрылыс холдингі болып табылады. Еліміздің жылжымайтын мүлік нарығында жетекші тұғырға шыққан компанияның нарық ішіндегі даму қарқыны да елеулі. Ал ҚазЦинк болса отандық қана емес, шетелдік инвесторларды да қызықтыра алады. Бұл компанияның бақылау пакетіне Швейцарияның Glencore компаниясы иелік етеді. Жалпы, өзге де шикізат түрлерімен салыстырғанда, мырыш бағасының динамикасы мейлінше тұрақты қалыпта екенін ұмытпайық», - дейді Наина Романова.

Ал отандық қор биржасының ең басты түйінді мәселелесі дегенге келсек, сарапшы маман жеке және институционалды ірі инвесторлардың болмауын алға тартады. Яғни, нарыққа орта және ұзақ мерзімдік кезеңге негізделген инвестициялар қажет, ал отандық инвесторлар мұндай жобаларға қаражат салуға ниетті емес.

Дегенмен, отандық қор нарығын жандандыруға ықпал ете алатын тиімді құралдың бірі, Наина Романованың пікірінше,  «Халықтық IPO». «Біз бұл бағдарламаны ел ішінде әрі қарай таныстырып, ақпараттық тұрғыдан түсіндіре беру керек деп есептейміз, сөйтіп бұқаралық компаниялар саны мен көпшілік үшін қолжетімді қаржы құралдарының үлесін біртіндеп көбейтуге ден қойғанымыз дұрыс», - дейді BCC Invest сарапшысы.

Өз кезегінде «Private Asset Management» АҚ сараптама департаментінің директоры Дамир Сейсебаевтың пікірінше, бүгінгідей жағдайда қазақстандық жеке компаниялар үшін IPO қаражат тартуда айтарлықтай тартымды құрал деуге келмейді, айталық, банктік займдар не облигациялармен салыстырғанда. Өйткені бізде акциялардың өтімді нарығы қалыптасқан жоқ, оның сыртында Қазақстанның қор биржасындағы бағалы қағаздардың құны да біршама арзандап кеткен. Сарапшының айтуынша, оған  мұнай бағасындағы құлдырау және АҚШ доллары мен теңге бағамы арасындағы екіұшты жағдай себеп.

«Егер біз алдағы үш не одан да көп жыл орамында айтар болсақ, онда жеке секторда инвесторларды қызықтыра алатын компаниялар жоқ емес, әрине. Олар «ҚазМұнайГаз» сынды ірі болмаса да, жеке инвесторлар арасында көпке танымал. Бұл тұрғыдағы компаниялар, мысалға, FMCG-секторында, сауда саласында, оның ішінде электрондық коммерция нарығында да жұмыс істеп жатыр. Бұлардың қатарына Chocolife.me, Raimbek Bottlers, «Азия Авто», MEGA орталығын, «Беккер және К», «Қағанат» асханалар желісін жатқызуға болады.

Менің ойымша, егер нарық ішінде қолайлы жағдай туындап, аталған компаниялар IPO-ға шығып жатса, онда бұл еліміздің акциялар нарығын дамытуға барынша дем бермек. Яғни, егер нарыққа жеке инвесторлардың басым көпшілігіне белгілі, танымал компаниялар шығып жатса, онда қазақстандықтардың қор нарығына деген ықыласы да арта түспек. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, Facebook және Twitter сынды компаниялардың IPO барысындағы сәтті қадамдарына не себеп? Бастапқы нарыққа шыққанда бұл екеуі ұсынған көрсеткіштер айтарлықтай жоғары болды емес пе? Әйтсе де олардың акциясына деген сұраныс тиісті деңгейден ауытқыған жоқ, өйткені жұрт бұл компаниялардың өнімі туралы жақсы хабардар», - дейді Дамир Сейсебаев.

Айтқандай-ақ, отандық нарықтағы жағдайға қайта оралар болсақ, сарапшының пікірінше, бізде жеке сектордың  IPO-ға шығуына қор нарығының әлсіз дамуы, өтемпаздық қабілеттің төмендігі және инвесторлар базасының аздығы іркіліс жасап отыр. «Меніңше, қор нарығында тиісті орта қалыптастыру үшін біз алдымен ел экономикасындағы мемлекеттік қатысу үлесін азайту керекпіз. Бүгінде шағын және орта бизнестің ішік жалпы өнімдегі үлесі 17% деңгейінде. Бұл өте төмен көрсеткіш. Біз үшін қазір жеке кәсіпкерлікті дамыту өте маңызды. Шағын және орта бизнестегі компаниялар саны көбейіп, күш-қуаты толысқан сайын, олардың қор нарығына шығу мүмкіндігі де арта түседі», - деп тұжырымдайды өз ойын «Private Asset Management» АҚ сараптама департаментінің директоры.

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Келешекке нық қадаммен

    Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді.

  • Кадеттер теңiзге шығуға дайын

    «Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын...».

  • Болашақ бүгiннен басталады...

    Бүгінде мектептердегі кәсіби машықтандыру барысы педагогикалық үрдістің бір бөлігі болудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған.

  • Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

    2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

  • Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

    «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда.

  • «Тәуелсіздікті жырлаймын!»

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен WikiBilim қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда.

  • Болашаққа нық сенiммен!

    Соңғы кездері жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр...

  • Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

    Ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..