• Рабига Абдикеримова

    Журналист

  • 3 июня 2015

Инвестициялық мәдениет қалыптастыру керек...

 

Еліміздің қор нарығына деген әлеуетті инвесторлардың қызығушылығын арттыру үшін не істеу керек? Отандық инвесторлар үшін тартымды дерлік акциялар қай компанияларға тиесілі? Жалпы, IPO шарасына жеке сектордағы шағын компаниялар белсене қатысу үшін отандық қор нарығы қай деңгейде болуы тиіс? Осы және өзге де сұрақтар төңірегінде өрбіген ISKER МЕДИА баспасының кезекті пікірталасына бірқатар сарапшылар қатысқан болатын.

Айвар Байкенов, «Асыл-Инвест» АҚ сараптама департаментінің директоры:

- Компанияның ағымдағы жағдайы туралы толық мәлімет болмай, оның болашағы туралы сөз қозғау қиындау, әрине, өйткені, бұл арада әңгіме кәсіпорындардың сыртқы қолданысқа жұмсауға болмайтын қаражаты туралы. Бірақ қай компанияны алсақ та, ол жетекші тұғырға шығу үшін нарық ішінде мейлінше белсенді әрекет етіп, буырқана дамуы тиіс. Мұндай компанияларға азық-түлік дискаунтері болып табылатын Magnum Cash&Carry желісін жатқызуға болады. Бұл желідегі дүкендер саны жыл өткен сайын ұлғайып келеді, сонымен қатар желі мүмкіндігі алдағы уақытта өңір-аймақтарды да барынша қамти түседі деп ойлаймын. Жалпы, Magnum дүкендер желісі өз сегментінде жетекші тұғырды иеленіп отыр, ал тұтынушылардың біртіндеп болса да, базар атаулыдан бас тартып, эконом форматындағы дүкендерге ден қоюы, бұл желіге деген сұраныс әлі де арта түсетінін көрсетіп отыр.

Сол сияқты,  Astana Group компаниясының келешек мүмкіндігі де көңілге қонымды дер едім. Бұл арада халықтың өмір деңгейінің өсу мүмкіндігінен туындайтын тұтынушылық сұраныстың өсуіне үміт артуға болады. Аталған топ «Астана Моторстың» автокөлік бизнесінен құрылған. Оның ресми нарықтағы үлесі шамамен 13%, яғни жаңа көліктер саудасы нарығында. Бұл компания бұқаралық та, премиум сегментте де әрекет етуде. Айтқандай-ақ, қазір тұтынушылардың дені екінші деңгейдегі нарықтан, яғни ескі көлік саудасынан бас тартып, мүмкіндігінше бірінші деңгейдегі нарыққа қарай ығысуда. Бұл топ құрамында, сол сияқты, MEGA сынды кең ауқымды табысты жоба барын да ұмытпайық (Mega Development компаниясы). Өздеріңіз де білесіздер, MEGA – сауда алаңдары мен ұсынылған брендтер және келушілер саны бойынша жетекші деңгейде.

Тартымды дейтін компаниялар қатарына, мен, сондай-ақ  BI Group және AB Restaurants желілерін жатқызар едім. Сол сияқты, акцияларды бұқаралық негізде орналастыру аясында «Цеснабанк» пен RBK банкінің құнды қағаздары да айтарлықтай тартымды болар еді. Ал мемлекеттің үлесі бар компаниялардың ішінде инвесторлар Air Astana, ҚТЖ және Қазатомөндіріс акцияларына қаражат салуға қазірден-ақ әзір.

Негізі, компаниялар үшін олардың бизнесіне дұрыс баға беру өте маңызды. Бұл арада әлеуетті эмитенттерді толғандырып отырған басты мәселе де осында, яғни олардың бизнесін бағалауда әділетсіздік орын алуы мүмкін деген тұрғыда. Бірақ, екінші жағынан алғанда, инвесторларды кең ауқымда тарту үшін акцияларды орналастыру дисконттық жолмен жүзеге асуы тиіс, соған сәйкес қорландыру ауқымы да арта түспек. IPO дегеніміз, ол тек қорландыру деген сөз емес, ол – компанияның абырой-беделі мен тиісті мендеттемелері де, яғни компаниялар өз операцияларын толық ашып, айқындауға әзір болуы тиіс. Сол сияқты, бұл арада кәсіби ойыншылар қатары да мейлінше көп болғаны дұрыс, айталық, зейнетақы қорлары мен басқару компаниялары деген сияқты. Өз кезегінде олар ұзақ мерзімге негізделген инвестициялық саясаты бар инвесторлардың тұрақты базасын қамтамасыз етуі тиіс. Акцияларды орналастыруға негізделген қандай да бір алғашқы шара үшін бұл өте маңызды.

Анатолий Вакуленко, «ФИНАМ» инвестициялық холдингінің сарапшысы:

IPO дегенде біз нені меңзеп отырмыз, мәселе, меніңше, ең алдымен осыған келіп тіреледі. Егер халықаралық нарықтардағы IPO туралы сөз етсек, онда бүгінгі таңда республика бойынша шетелдік инвесторларды қызықтыра алатын компаниялар бар деп айта алмаймын. Ал егер мәселе құнды қағаздарды ел ішінде орналастыру жөнінде өрбіп отырса, онда мұндай компаниялар, әрине, жоқ емес. Бірақ біз олардың атын атап көрсете алмаймыз, өйткені жергілікті нарықпен барынша жақсы таныс емеспіз. Бірақ бұл компаниялар жұмыс істеп жатқан салаларды мысал ете аламыз. Айталық, пайдалы қазбаларды игерумен айналысатын кәсіпорындар, яғни мұнай, газ, көмір өндіруші компаниялар. Сол сияқты, металлургия саласына арналған шикізат өндіруші, не өзге де табиғи ресурстарды игеруші компаниялар, олардың мықты тұстары жетіп асады. Біріншіден, олар шикізат саласында жұмыс істеп жатыр, ал ол республика бойынша өте маңызды, яғни, бюджетке негіз болып отырған сала. Сәйкесінше, бұл салаға деген мемлекеттің ықыласы да өте зор, ендеше бұл саладағы бизнеске қажетті деңгейде қолдау көрсетіліп отыр деген сөз. Оның сыртында, шикізат атаулының әлемдік қорлары сарқыла бастаған жағдайда шикізат көздеріне иелік етіп отырған компаниялардың құндылығы да арта түседі.

Екіншіден, электр энергиясын, газ, су көздерін игеріп, таратумен айналысатын компанияларға деген инвесторлардың қызығушылығы қай кезеңде болса да жоғары болмақ. Өйткені бұл салалар қарапайым жұрттың жылу, жарық, ауыз су сынды негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыр. Бұл компаниялардың клиенттері жеке тұлғалар ғана емес, заңды тұлғалар да, ендеше олардың қызметі үшін қашанда төлем болады деген сөз.

Инвесторлар үшін тартымды боларлық деп, әрине, сауда және қызмет көрсету салаларын да мысал етуге болады. Бұлар әдетте ел ішінде кең танымал, әсіресе, тұрғындар арасында, яғни бұл көрсеткіш халықтық IPO барысында өте маңызды. Сонымен қатар, бұл компаниялардың қызметі географиялық тұрғыда да, тауарлар мен қызметтер бойынша да әр тарапқа негізделген, яғни экономикалық сілкіністер туындап жатса, олардың экономикалық тұрақтылығы қамтамасыз етілген деп түсініңіз.

Әйтсе де, компаниялар IPO шарасына шығуды түпкілікті мақсатқа айналдырмағаны жөн, яғни «IPO-ға тек қана IPO үшін» шығудың еш қажеті жоқ. Бұл шешімді қабылдау барысында нақты бір мақсат болғаны дұрыс, мысалға, жаңа сауда нарықтарын игеру немесе жаңа бәсекелестік деңгейге шығу, бизнесті кеңейтіп, ұлғайту, модернизациялау деген сияқты. Сол сияқты,  IPO шарасына шығудың белгілі бір тәртіптері мен нормалары барын да ұмытпайық. Инвесторлардың қаражатынан үмітті бизнес өкілдері бұл талаптарды қатаң түрде орындауға тиіс, яғни IPO-ға шығу барысы бір күнде жүзеге асатын шаруа емес. Ең бастысы, компанияның IPO шарасына шығуына түрткі болып отырған жағдай қандай? Әлбетте, экономикалық, ең алдымен, әлемдік тұрғыдағы, одан қалды республика деңгейіндегі экономикалық жағдай. Егер жағдай біртіндеп өз қалпына келіп, әлемдік экономиканың даму қарқыны арта түссе, онда инвесторлардың қаражаты да түгенделе бастайды деген сөз, олар сөйтіп инвестициялауға ден қояды. Бұл жағдайда Қазақстан нарығына деген инвесторлардың қызығушылығы жоғары болатыны анық, өткені елдің инвестициялық әлеуеті өте жоғары.

Сәбит Хакімжанов, «Halyk Finance» АҚ зерттеу департаментінің директоры:

Қазақстанда IPO-ға шығып капитал тарта алған шағын компаниялар үшін, капитал құны өте жоғары болмақ. Өйткені біздің нарық, оның ішінде инвесторлардың өздері де корпоративтік басқару сапасына аса сенім артып отырған жоқ. Сол себепті де бұл нарықты «Халықтық  IPO» бағдарламасының көмегімен дамыту дұрыс болмақ. Айтқандай-ақ, ел үкіметіне корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын қамтамасыз етіп, көрсету мүмкіндігі де дәл осы арада жатыр, қалай дегенмен, бұл арада IPO шарасын жүргізу мүмкіндігі өте жоғары. Әлеуетті түрде айтар болсақ, мемлекеттік секторды түгелдей дерлік IPO арқылы жекешелендіруге болады.

Ал жеке сектордағы шағын компаниялар өзге де қорландыру көздерін іздегені дұрыс, мысалға, private equity, яғни шағын компанияны басқарумен айналысатын инвестор іздегендері жөн. Бөлшек сауда инвесторлары компанияны басқаруға құлықты емес. Шағын компанияның барлық талаптарын қанағаттандыру үшін өткізілетін IPO-ның транзакциялық құны сол капиталдың құнынан асып түседі. Ол, тіпті, инвесторлар сенімінің аздығынан туындайтын тәуекел құнынан да жоғары.

Қор нарығы туралы айтар болсам, шындап келгенде, жеке компаниялар IPO-ға шығу үшін Қазақстанның қор нарығында тартымды да қолайлы жағдай мына кезеңде қалыптасады деп дөп басып айта алмаймын. Бұл арада жағдай, ең алдымен, компаниялардың өздеріне, әлбетте, үкіметтің саясатына және қаржы компанияларына тікелей байланысты. Егер қаржы компаниясы өз ішіндегі ақпараттарды толық ашып, нарықпен қарым-қатынас орнатып, бұл ертеңгі күні акционерлер үшін тиімді болады дегенге басшылық пен акционерлердің көзін жеткізе білсе, онда жеке компаниялар қазірден-ақ  IPO-ға шыға алады. Дегенмен, бүгінгі таңда бізде қор нарығына деген бұқара сенімі әлі де жетімсіз және ол негізсіз де емес.

IPO шарасына шыққанда компанияны жекешелендіру негізінде байып, пайдаға кенелу не жұртқа ақша табуға мүмкіндік беру деген қағидаға сүйенген дұрыс емес.Нарықты оқып, үйрену керек, айталық, мемлекеттік компаниялардың мысалында. Шағын компанияларды IPO-ға шығарғандағы басты мақсат – нарық ішіндегі үздік компания қандай болу керек, жалпы, нарық қалай жұмыс істеуі тиіс, ашықтық, айқындық талаптары қаншалықты орындалып жатыр, инвесторлар қалай табыс табады, онда қандай тәуекелдер бар деген тұрғыда өрбуі тиіс. Былайша айтқанда, тиісті инвестициялық мәдениет қалыптастыру керек, сонда ғана жеке компаниялардың бұқаралық негізде жариялану ықыласын барынша дұрыс  бақылау мүмкіндігі туындайды. Ал бұл мәдениетті дамытудың негізгі құралы, әрине, корпоративтік басқару және мемлекеттік компаниялардағы ашықтық стандарттары дегенге келіп тіреледі.

  • Нравится

Комментарии к статье (0)

чтобы оставить комментарии.

Статьи по теме

  • Келешекке нық қадаммен

    Ел теміржолындағы реформалық өзгерістер «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын да айналып өтпеді.

  • Кадеттер теңiзге шығуға дайын

    «Өкінішке қарай, теңіз саласына қатысты жоғары білікті мамандар жергілікті тұрғындар арасында тапшы. Әрине, жұмыс істегісі келетіндер көп, бірақ алып кемеде инженер болып еңбек ете алатын маман табу қиын...».

  • Болашақ бүгiннен басталады...

    Бүгінде мектептердегі кәсіби машықтандыру барысы педагогикалық үрдістің бір бөлігі болудан қалған. Өкінішке қарай, жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық не кәсіп таңдауда ерік-жігері мен мақсат-мүддесі мүлдем айқындалмаған.

  • Кiшкентай Әсемге шұғыл көмек қажет

    2015 жылдың қоңыр күзінде Екібастұзда тұратын Ахметжановтар отбасы ортаншы қыздары Әсемнің нефробластома, яғни бүйректің қатерлі ісігі дертіне шалдыққанын естіді. Тату-тәтті, бақытты отбасының өмірі дәрігерлердің диагнозынан кейін күрт өзгереді. 5 жасар Әсем шұғыл түрде Астанадағы Ұлттық Ана мен бала орталығына жатқызылып, химия терапия курсынан өте бастады...

  • Химия – «жасыл экономиканың» қозғаушы күшi

    «Жасыл экономика» жобасы аясында қазақ ғалымдары да бірегей ізденістерінің нәтижесін паш етіп, әлем елдерін тұрақты энергия көздерін басқаруды қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешуге шақыруда.

  • «Тәуелсіздікті жырлаймын!»

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Қазақ радиосында» «Шеврон» компаниясы мен WikiBilim қоғамдық қорының қолдауымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты поэтикалық жоба жүзеге асырылуда.

  • Болашаққа нық сенiммен!

    Соңғы кездері жағдайы бар ата-аналар да кәсіптік білім беру мәселесіне қатысты бұрынғы көзқарастарын өзгерткен. Балалардың өздері де қандай да бір кәсіптік мамандықты игеріп, «онымен өзімді, отбасымды асырай алсам» деген оймен кәсіптік білім беру колледждеріне көптеп келіп жатыр...

  • Экономикалық iркiлiстен технологиялық өрлеуге дейiн

    Ұдайы күрделі жөндеуге тоқтатылатын ел ішіндегі мұнай өңдеу зауыттары технологиялық тұрғыдан жаңартылу аясында отандық ғалымдардың ізденістері мен пікір-ойына ара-кідік құлақ асып жатса, артық болмас еді...

  • Тарих тәжiрибенi кешiрмейдi...

    "Қазақстанда тарих пәні төңірегінде тәжірибе жүріп жатыр. Жоғарғы оқу орындарының бір бөлігі Қазақстан тарихын қысқартылған нұсқада оқуға көшті. Біз, тарихшылар мұнымен келіспейміз...".

  • Елена Никитина: Бақытты болғыңыз келе ме?

    Ана сүті бала үшін де, ана үшін де маңызды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Неге біз Швейцария, Германия немесе Ресейден сүт қоспасын алу үшін қаражат шығындауымыз керек?..